Депутат азан шақыруға тыйым салатын заңды жыртып тастады
2017 ж. 09 наурыз
3647
6
Наурыздың 8-і күні Израиль парламенті - Кнессетте дауыс зорайтқышпен азан айтуға тыйым салу туралы заң жобасы алғашқы оқылымда қабылданды деп хабарлайды Islam.kz.
Алайда, Айман Ауда есімді тегі араб депутат наразалық білдіріп, аталмыш заң жобасы жазылған құжатты әріптестерінің көзінше қақ айырды. Айман Ауданың айтуынша, бұл заң арқылы осы елдің аумағында тұратын араб тектес халықты кемсітіп отыр.
Бұрын да аталмыш заң жобасы Кнесеттеде қаралған кезде Израиль билігінің бұл қадамына наразылық білдіріп, парламент қабырғасында даусын барынша зорайтып азан шықарған еді.