Баспананы банк басшысы «басып» қала бере ме?
2017 ж. 01 наурыз
2543
1
«Ақ жол» партиясы кезекті рет Үкіметке Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметін тәртіпке келтіру талабымен жүгініп отыр – фракцияның депутаттық сауалын бүгін Ерлан Барлыбаев мәлімдеген болатын.
«Время» газетінің бүгінгі санында Михаил Козачковтың «Оның арманы орындалды. Мәжіліс не дейді?» атты мақаласы жарық көрді. Белгілі журналист өз тергеу ісін жүргізді, онда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқармасы төрағасы орынбасарының отбасы бірден жеңілдікпен үш пәтерді сатып алғаны айқын түрде көрсетілген. Соның өзінде, банкінің өзінде де, «Бәйтерек» холдингінде де бұл жайтты бұзушылық деп санамайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Ақ жол» фракциясы 2013 жылы екі рет (13 ақпанда және 19 маусымда) аты аталған мемлекеттік банкінің сол кездегі басшылығының ұқсас іс-әрекеттері туралы сауалдарды мәлімдеген болатын, айта кетейік, бұл банк мұқтаж азаматтарға тұрғын үй алуға көмек көрсету мақсатында құрылған еді.
Сол кезде осы екі сауалға өздеріне және өз туыстарына жеңілдікпен элиталық пәтерлерді сатып алған банк басшылығының іс-әрекеті – «әбден заңды» деген жауап берілген еді.
«Бұл арсыздық сол жылдың 11 қазанында Елбасының өзі осы іске араласып, банк басшылығын ауыстыруды талап етіп және де олармен және олардың туыстарымен сатып алынған пәтерлерін мемлекетке қайтарып беруді талап еткенге дейін жалғасып жатты, - деп баса айтты депутат. – Барлық алдында айтылған «заңды» деген сөздерге қарамастан, істерді сот тәртібінде қараған кезде, депутаттар тарапынан айтылған пайымдар толық расталды, ал Тұрғын үй жинақ банкінің қызметі өзінің бастапқы мақсатына – қарапайым азаматтарға көмек көрсету мақсатына қайта оралды».
Дегенмен, «Время» газетімен анықталғандай, бұл өзгерістер барлығына қатысты болған жоқ. Сөйтіп, банк төрағасы орынбасарының отбасы, сол кезде туындаған жанжалға және Елбасының бұндай жүгенсіздікті тоқтату туралы тапсырмасына қарамастан, 3 пәтер сатып алу үшін жеңілдікпен бірнеше миллиондаған несие алды. Салыстыру үшін: БАҚ деректері бойынша, сол кезеңде ипотека бойынша коммерциялық банктардың мөлшерлемелері 20%-ға дейін жететін, ал Тұрғын үй жинақ банкі төрағасы орынбасарының отбасына небәрі 4 %-бен берілді.
«Қарапайым қазақстандықтар жалғыз баспанасынан айырылып қалмас үшін тынымсыз екі-үш жерде жұмыс істеп, өздерін және балаларын қажетті нәрселерден шектеп жатады. Олар ай сайын бірнеше жүз мың теңге көлемінде төлем төлейді және оларға банктар теңгенің ескі бағамы бойынша қайта қаржыландырудан бас тартады.
Ал мемлекеттік тұрғын үй банкі басшысының туыстары Астананың қақ ортасында орналасқан керемет пәтерлер үшін – сіздер сенбейсіздер! – айына небәрі 20 мың теңге төлейді – делінген сауалда. – Айтыңыздаршы, қарапайым қазақстандыққа қашан және қай жерде осындай тамаша жағдайлар жасалған еді?».
Депутаттар, неше жерден мұндай жағдай заңды болғанымен – бұл кем дегенде, қоғамға қатысты бейәдеп және тіпті адамгершілікке жат қылық деп санайды.
««Ак жол» партиясы үнемі, банк секторын қоса алғанда, бизнеске қолдау көрсетуді мақсат тұтады. Алайда біз жеке бизнестің және мемлекет есебінен коммерцияның ара жігін ажыратуға шақырамыз, көпке танымал «Кавказ тұтқыны» фильмінде айтылғандай: «Ал сен өзіңнің жеке мүлкіңді мемлекеттікпен шатастырма» - деп дөп айтты Барлыбаев.
«Ақ жол» партиясы мүшелерінің пікірінше, бұл жердегі мәселе ақша да емес, ең бастысы, маңызды мемлекеттік бағдарламаларға қазақстандық азаматтардың сенімін сақтап қалу, ал сол бағдарламаны орындаушылардың мұндай жеке ашкөздіктері салдарынан оны жоғалтып алу әбден мүмкін.
Осы орайда, фракция депутаттары кезекті рет жоғарыда аты аталған мекеменің қызметін тәртіпке келтіруді талап етеді.
«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлау алдындағы бағдарламасын іске асыру және қарапайым қазақстандықтардың мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыруда.
2017 жылғы 1 наурыз, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
qazaquni.kz