Еліміздегі қалталы азаматтарға үндеу жариялады

Барлық «Forbes Қазақстан» кітабына енген барлық миллионер қазақстандықтарға, Бизнесмендер мен бай банкирлерге, «ЭКСПО-2017» басшыларына, Әкімдер мен министрлерге, Атымтай жомарт меценаттарға, Ұлт патриоттарына

12715558_1197161716980268_4581466758698594154_nҮНДЕУ ХАТ!

Сіздерді «Ұлы Дала Даңқы» – «Музей Славы Великой Степи» мұражайы құрылысын салуға шақырамыз!

ХХ ғасыр мен XXI ғасыр тоғысында қазақ халқының тарихында мың жылда бір рет болатын Ұлы оқиға орын алды. Ол - ел астанасының Алатаудың баурайынан қазақтың кең жазира сахара даласы, Сарыарқаның нақ төсіне орналасуы еді. Бұл мәні де, маңызы да өте зор Ұлы жоба бүкіл қазақ халқының атағын аспандатып, абыройын биікке шығарып отыр. Астана күн сайын өсіп, өркендеп, қарыштап, дамып келеді. Бұл күнде жаңа Елордамызды бүкіл әлім танып, мойындады. Керемет ғимараттар мен әдемі кешендер салынып, жүздеген тұрғын үйлер бой көтерді. Тек соңғы жылдардың өзінде-ақ Астана қаласында әлемдік деңгейдегі ірі симпозиумдар, бас қосулар, съездер және спорттық, мәдениеттік шаралар өткізілді.

Соның ішінде атап айтарымыз, ОБСЕ-нің саммиті, дәстүрлі діндер съезі, Азияда ойындары. Бұл күнде астаналықтар Елордамыздың құрылуының 20 жылдығына және ЭКСПО-2017 әлемдік көрменің өткізілуіне дайындық үстінде. Осы орайда, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысы Астана қаласының 20 жылдығы мен «ЭКСПО-2017» әлемдік көрмесіне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап «Ұлы Дала Даңқы» – «Музей Славы Великой Степи» мұражайы құрылысын салуды қолға алып отыр. Бұл шын мәнінде әлемде теңдесі жоқ, «Ұлы Далаға» арналған тұңғыш ғажап мұражай болып саналады. Оған ат салысу әрбір жүрегінде ұлтын, Ұлы Даласын, елін сүйетін азаматтардың асыл борыштары деп білеміз. Сондықтан, «Forbes Қазақстан» кітабына енген барлық миллионер қазақстандықтарды, бизнесмендер мен бай банкирлерді, әкім, министрлерді, атымтай жомарт меценаттарды «Ұлы Дала Даңқы» – «Музей Славы Великой Степи» мұражайы құрылысын салуға шақырамыз. Аттарыңыз тарихта алтын әріппен жазылып қалады. Әйтпесе, бізге дағдарыс қолбайлау болып тұр. Сіздер, қолдайды деп сенеміз!

Құрметпен, идея авторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел