Айымбетов ұшқан ғарыш кемесі жапон зымыраны қалдықтарымен соқтығыса жаздады..

Бортында жерлесіміз бар ғарыш кемесі жапон зымыранының қалдықтарымен соқтығыса жаздады

Бортында жерлесіміз бар «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі жапон зымыранынан қалған бөлікті айналып өтті.

Фото: РИА Новости Бұл туралы «Роскосмос» агенттігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. «Союз» кемесінің ғарыш кеңістігіндегі зымыран қалдығымен соқтығыспау жөніндегі шараларды Ресей және АҚШ-тың ұшуды басқару орталығының мамандары бірігіп жүзеге асырды. 1989 жылы ұшырылған жапондық зымыранның қалдығын айналып өткен «Союз» кемесі Халықаралық ғарыш стансасына сапарын ойдағыдай жалғастыруда. Естеріңізге салып өтейік, қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және даниялық Андреас Могенсен мінген зымыран «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2 қыркүйекте ұшқан болатын. «Союз» ғарыш кемесі 4 қыркүйек күні Халықаралық ғарыш стансасына жетуді жоспарлап отыр.
Дереккөз: 24.kz