Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу мүмкіндігінен айырылды

Бүгін Малайзия астанасы Куала-Лумпурде Халықаралық Олимпиада комитетінің 128-ші сессиясы өтті. Сессия барысында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қала анықталады.

2022 жылғы ақ Олимпиаданы өткізу құқығы Бейжіңге берілді деп хабарлайды  NUR.KZ.

Алматы қысқы Олимпиада өткізуге осымен екінші рет өтінім беріп, ұтылып қалды.

Дереккөз: Nur.kz