Педофилдерге қатысты химиялық кастрация қылмыстық кодекске енгізілетін болды

Елімізде педофилдерді жазалау қатаңдай түспек. Бұл туралы baq.kz хабарлады.

Президент жанындағы ОКҚ брифингінде ІІД әкімшілік ювеналды полиция комитеті бөлімінің басшысы Әсет Оспанов педофилдерді химиялық кастрациялау мәселесі үкімет деңгейінде қарастырылып жатқандығын айтқан болатын.

Ал кеше оның Қылмыстық кодексіне енгізілетіні анықталды.

“Қазіргі таңда мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып  ІІМ, Бас прокуратураның жанындағы жұмыс тобы химиялық кастрация мəселесін қарастыруда. Нақтырақ айтсам, Қылмыстық кодекске медициналық сипаттағы мəжбүрлік шарасы ретінде енгізілгелі жатыр”, – деді Əсет Омарұлы.

Дереккөз: Nur.kz