«Жас қазақ үні» жазды – вице министр қызметінен кетті

Естеріңізге сала кетейік газетіміздің 2010 жылғы 23 шілдедегі санында «КАК ОДИН ЧИНОВНИК ДВЕ СТРАНЫ ВСКОЛЫХНУЛ» атты мақалада ҚР Ауыл шаруашылығы вице министрі А.Қ.Евниевті қатаң сынап жазған болатынбыз.

Аталған мақаладан кейін Үкіметіміз мән жайды анықтай отырып ҚР Үкіметінің осы жылғы 9 тамыздағы қаулысына сәйкес А.Қ.Евниевті қызметінен босатты. Газеттің мақсаты, Қытайға қандай да жолмен ауыл шаруашылығы мақсатында жерді пайдалануға беруге қарсы. Бұл тек газеттің ғана емес барша халықтың мақсаты. Себебі газет пен халықтың мақсаты әрдайым бірге. Біздің Қытайға жалға жер беруге қарсы күресіміз А.Қ.Евниевті қызметінен босатумен ғана шектеліп қалмақ емес. Жерімізге көз алартқандар азаймайынша күресіміз жалғаса береді.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуіне қарағанда үкіметтің 2010 жылғы 9 тамыздағы № 811 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы вице-министрі болып Сақташ Сатыбалдыұлы Хасенов та­ғайындалды. Ол бұған дейін осы министрлікте Мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының қызметін уақытша атқарған болатын.