Нұрлан Ноғаев журналистерді өтірікші деп санайды ма?!.
2014 ж. 25 желтоқсан
2234
0
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қарамағындағы қызметкерлерге журналистерден қашпау керектігін ескертті.
Бұл туралы Мой город порталы хабарлайды.
"Мемлекеттік қызметтегі адамдар журналистермен ашық сөйлесуі тиіс. Оларға уақытында жауап беру керек, себебі, журналистер де өз жұмыстарын атқарып отыр", - деді облыс әкімі.
Ол белгілі бір мәселелерге қатысты жауапты шенеуніктер журналистерді бір-біріне сілтейтінін де жасырған жоқ.
"Журналист басшыға келгенде, ол - орынбасарына, орынбасары тағы біреуге сілтейтінін рас. Сіздер оқиғаны бақылап отырасыздар, сондықтан тілшілерге уақытында және дұрыс жауап беріңдер", - деп бастырмалата сөйледі Ноғаев.
Сондай-ақ, ол журналистерге де сын айтты.
"Сіздер, журналистер, мейілінше шынайы ақпарат таратуға тырысыңыздар. "Тисе терекке, тимесе бұтаққа" деп жаза бермей, өз сөздеріңізге жауапкершілікпен қараңыздар", - деп БҚО әкімі өз сөзін аяқтады.
Еске сала кетейік, жақында Нұрлан Ноғаевтың тойда билеп жүрген видеосыинтернетте қызу талқыланған болатын.
Источник: NUR.KZ