Жанар Дұғалова "Түрквижн 2014" жеңімпазы атанды

Татарстанның Қазан қаласында аяқталған  халықаралық "Түрквижн 2014" ән байқауында Қазақстан намысын қорғаған Жанар Дұғалова 1-і орын иеленіп, жеңімпаз атанды!

Жанар Дұғалова Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды. Финалда үшінші болып өнер көрсеткен Жанар Дұғалова 225 ұпай жинады. Ол байқауда Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған төл туындысы "Ізін көрем" әнін орындады. Жанар жартылай финалдан соң үшінші орында тұрған болатын. Ол ақтық сайыста екінші орындағы Татарстан әншісінен 24 ұпай артық жинады. Финалда әнші қыз көз жасына ерік беріп, Қазақ елінің байрағын көкке көтерді! Жеңімпаз Жанар Дұғалова мен Қазақстан халқын Татарстан президенті Рустам Минниханов тарихи жеңіспен құттықтады!

Источник: NUR.KZ