Cатушылар райы¬нан қайтар емес
2010 ж. 03 тамыз
1288
0
Көкшетауда аштық жариялаған базар сатушыларының саны 12 адамға жетті. Олар коммуналдық базарды жауып тастаған әкімдіктің шешіміне қарсы. Он бес жыл бойы бұл жерде көкөніс сатумен айналысып келген саудагерлер: «Шенеуніктер талабымызды орындамайынша, наразылық шарасын тоқтатпаймыз», - дейді.
Бұл жерде екі тәуліктен бері жедел жәрдем қызметкерлері кезекшілік етуде. Медетцина қызметкерлері аштық жариялаған базардағы сатушыларға дәрігерлік көмек көрсетіп жатыр. Мамандардың айтуынша, 5 күннен бері аштық жариялаған 3 әйелдің денсаулығы сыр берген. Алайда, сауда орындарын қайтарып алуды талап етіп отырған сатушылар райынан қайтар емес. Ал қала әкімдігі сауда орны орналасқан көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Олар базар қызметкерлерінің бұған дейін бірнеше рет заңсыз наразылық шараларын ұйымдастырғанын айтады. Саудагерлермен бірнеше мәрте келіссөз жүргізілгенімен, еш нәтиже шықпаған.