Бас бәйге – 1 миллион теңге!
2010 ж. 23 шілде
1461
0
«Шығыс шынары» шақырады.
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігі Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп, 2010 жылы 28-30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығы, қазақтың ұлы ақыны Абайдың 165 жылдығы және Шығыс Қазақстан облысы орталығы - Өскемен қаласының 290 жылдығына арналған «Шығыс шынары» атты халықаралық мүшәйра өткізетінін хабарлайды.
Мүшәйра тақырыптары:
1. Тәуелсіздік тірегі – Атазаңға 15 жыл!
2. Шығыс шынары немесе Өлең-сөздің патшасы (Ұлы Абай рухын ұлықтаған, Шығыс Қазақстан өлкесін өрнектеген жырлар).
3. Еркін тақырып
Мүшәйра жүлделері:
Бас бәйге – 1000 000 теңге,
Бірінші орын біреу –
700 000 теңге,
Екінші орын екеу –
500 000 теңгеден,
Үшінші орын үшеу –
300 000 теңгеден,
Ынталандыру сыйлығы төртеу
– 150 000 теңгеден,
Арнаулы жүлделер төртеу –
100 000 теңгеден.
Мүшайраға қатысушы талапкер осы үш тақырыпқа арналған өлеңдерін 2010 жылдың 20 тамызына дейін «Мүшәйраға» деп, бүркеншек атпен жіберуі тиіс. Онда қосымша конвертте автор жайлы мәлімет (аты-жөні, мекені, телефондары, фотосы, т.б.) толық жазылуы керек. Өлеңдердің электронды нұсқасы қоса жіберіледі.
Бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданады.
Мүшәйраға түскен өлеңдер іріктеліп, жеке жинақ болып шығады.
Өлеңдерді мына мекен-жайға жіберу керек: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105, 3-қабат. Қазақстан Жазушылар одағы, «Жұлдыз» журналының редакциясы.
Электронды пошта – juldyz_kz@mail.ru Хабарласу үшін –
8-727-272-59-44, Зүбайда, Маржан, факс – 8-727-261-62-13.