ЕСЕНИН МЕДАЛІН ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ АЛДЫ!
2010 ж. 01 шілде
1606
1
Орыстың ұлы ақыны Сергей Есениннің Алтын медалін қазақтың көрнекті ақыны Ханбибі Есенқараева алды. Құттықтап, хабарласқанымызда Ханбибі апай алғысын білдіріп, қуанып қалды.
- Есенин медалін алып тұрып, Мәскеуде «Есенин деген біздің қазақ. Өйткені орыс халқында Есен деген есім жоқ» деп едім, мәскеуліктер «сен біздің медалімізды ғана алмай, ақынымызды да алып кететін түрің бар ғой» деп күлді бәрі.
- Онда Есенсарының ұлының атындағы сыйлықты Есенқараның қызы алған екен ғой...
- Дәл солай болып тұр. Рахмет, айналайындар!
Сонымен, кезінде Ұлықбек Есдәулетов, Ғалым Жайлыбай секілді дүр шайырлар алған Есениннің алтын медалі иегерлерінің қатарына хан қызындай Ханбибі апайымыз да қосылды.
Шабытыңыз шалқи берсін, Ханбибі апай!
«Жасқазақтықтар»