«Алаш» сыйлығы – «Жас қазақ үнінде»
2010 ж. 22 маусым
1179
1
Алаш журналистерінің мерекесін «Алаш» орталығы бастап берді. Жақында «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы бұқаралық ақпарат құралдары саласы бойынша бірқатар аталым сыйлығын тапсырды.
Орталық президенті, ҚР мәдениет қайраткері Хайролла Ғабжәлелов бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны мен рөліне кеңірек тоқталды. Сонымен қатар, бұл игі шараны алдағы баспасөз қызметкерлері мерекесі қарсаңында арнайы ұйымдастырғандығын айтты.
Республикалық жетекші басылымдар арасында «Жас қазақ үні» газеті ұлттық намысымыз бен ұлы мұраттарымызды асқақтатуға үндейтін зерделі мақалалары үшін «Ар, абырой, мұрат» аталымын иеленді.