Білім министрі 30-ға жуық жоғарғы оқу орнын жабатынын айтты
2014 ж. 16 мамыр
1914
0
Елімізде 30-ға жуық жекеменшiк оқу орны жабылуы мүмкiн. Бұл туралы бүгiн парламенттiк тыңдау барысында Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
Білім министрінің пікірінше, жоғары оқу орындарының түлектерi көбiне алғанда бәсекеге қабiлетсiз және еңбек нарығында сұранысқа ие емес. Бұл – бiрiншi кезекте шағын жеке ЖОО түлектерiне қатысты айтылып отырған мәселе.
"Бiзде 30-ға жуық жеке жоғары оқу орны бар және олардың басым бөлiгi жоғары қауiп тiзiмiнде тiркелген. Жақын арада министрлiк жоғары қаупi бар ЖОО-лар тiзiмiн жариялайды. Бұл абитуриенттерге дұрыс шешiм қабылдауға сеп болмақ", - дедi Аслан Сәрiнжiпов.
Оның айтуынша, аталмыш жоғары оқу орындары студенттер оқуын аяқтағанға дейiн жабылмайтынына министрлiк кепiл бола алмайды.
"Бұл жоғары оқу орындарында кәсiби педагогтар, оқу бөлмелерi, құрал-жабдықтар, зертханалар, қажеттi әдебиеттер жеткiлiксiз және ғылыми жұмыстар жүргiзiлмейдi. Көптеген жекеменшiк білім ордаларының қауiп деңгейi жоғары болып табылады. Алдағы жылдардың iшiнде басты мақсат ЖОО-лар сапасын арттыру болмақ", - деп толықтырды өз ойын ол.
bnews.kz