Қазақ тілі сіз бен біз тұрғанда жойылмайды!..

9c003038d74100aab9ff581f34bcf125_LҚазаққа тіліміз жойылып барады деп қара аспанды төндірудің еш керегі жоқ. Сыр бойындағы ақмешіттік, шымқалалық бауырларымыз Үкіметтің еш араласуынсыз, өз қаржыларымен орысқа кеткен жерлерді қазаққа қайта оралтып отыр, осыған тәуба дейік, ағайын!

Мен тәкаппар қазақпын және өзімді қыпшақпын деп сезінем, түркісің дегенге дүрсе қоя беруге бармын. Бұл менің жеке пікірім. Әлі есімде, 1969 жылы атамның егізі (сыңары) 1916 жылғы көтерілістің жалғасы саналатын (басқа руларды есепке алмағанда) наймандардың БАСМАШ қозғалысына ұйытқы болған Қалиәкбардың Тәшкендегі үйіне әкем марқұммен бірге бардық. Ақсақал бойы екі метрден асатын еңгезердей кісі екен. Бірден Абылайхан хан иемізге шүйлікті. “Ініме, Әліәкбарға «Төлеңгіттен қыз алма, ұрпағың ұсақталып кетеді” деп айтқанмын. Сендер барымтаның заңын (вор в законе) әлі ұстанып отырсыңдар, түрмеге түсуден қорықпайсыңдар, басқа ұлтқа үйлене бересіңдер!?”- деп, әкемнің осыған дейін алты рет үйленгенін бетіне басты. Бізде тарихи күстаналанатын Қатағандық Хан Тұрсынды көкке көтерді. Өмірі соғыспен өткен Матайымыз (Еңлік Кебек батырға тоқалдыққа барып, жұрт арасы бүлінген шақта Қаракерей Қабанбай батыр ел арасын ашпау үшін бүтін Матайды үшке бөліп жіберді де, қазір Матайдың басым бөлігі Ақсу ауданында тұрады да, қалғандары Шар, Қалбатау және Аякөз, Шұбартау өңірінде шашырай қоныстанған, мысалы, мен өз басым аякөздік Матайдың шұбартаулық Матай күйеу баласымын – курсив – менікі – Ә.Ә.Ә.) ақсақалдың әр сөзін бала болсақ та жадыға сақтадық. Сөз соңында атамның егізінің (сыңарының) “Мен енді Өзбекпін, бұдан кейін есігімді ашпаңдар!” деген сөзі әкемнің шымбайына батқанын күреңіткен жүзінен аңғардым. Өйткені әкем қамшыгер еді. Ол кісі қамшыны ойнатып, інім екеумізді тәубамызға келтіретін, інім “Қамшы ойнатуға үйретші” деп өтінгенде “Түрмеде шіріп өлгендеріңді қаламаймын” дейтін. Ол кісі қанша барымта беделділері келгенімен ешқайсысына оң қабақ білдірмейтін. Жазылмаған заң бойынша не інім, не мен қазақ ұрыларының кастасына кіруіміз керек екен. Әкем бізді осыдан қорғап қалды. Қазір жұрт біле беремейді. Әр атақты байдың жылқысын беделді барымташы ұрыбасы қорғаған. Біздің тұқым өз атамыздың ішінде барымта заңын ұстанғанымыз үшін көздеріне күйік болдық. Дәртікем (Төртқұмар) асық ойнының ережесін және одан бөлек қазақ казиносының 4 ойынын білетін жалғыз жан екенім (Семейдің атақты қарташысы Әтіхан менің әкемнің туған нағашысы, ал, мен жиеншар болам – курсив – менікі – Ә.Ә.Ә.) есіме түскенде мен қазақ барымташылары әлеміндегі жалғыз жанмын ба деген ойға қалам. Бұрын Талдықорғанда болатын ұрылар орталығы енді ШҚО Көкпектісіне ауысты. Ұрлықпен айналысқан әулеттер 1930-1933 жылдардың ашаршылығында ашыққан жоқ. Бұл біз қалайық, қаламайық, көзге ұрып тұрған факті. Осыны менің атам Әліәкбар үшін Кеңес Үкіметі кешпей 1940 жылы қанжығасын улап өлтірді. Хош, осымен әңгімені түйіндей отырып, тілге ауысайық, кеңестік дәуір қазақ өміріне өз жаңалығын әкелді. Ол жаңалық: тілің мен ділің және мәдениетіңнен ажыра, «біртұтас сәбет халқы» бол. Осы үш тұжырым жиыны 100 асатын біздің тұқымды айналып өтті. Бірақ, біз өзбек, қазақ, түркімен деген үш ұлысқа айналып кеттік. Сонымен ұзын сөздің қысқасы, 1993 жылдан бастап, бұрынғы орыс тілді өлкелерді қазақтандыру саясаты астырын жүре бастады. Бір сөзбен айтқанда балалайканың орнын домбыра басты. Әкем марқұм орыстікі дұрыс болса да, бұрыс болса да дұрыс, әділдік солардың қолында дейтін. Дәл қазір әкесінің арқасын үш сағат уқалайтын бала жоққа тән. Әкеміз күлетін еді: “Бұрын тоқал атқаратын жұмысты балаға арттық” деп. Біз інім екеуміз кезектесе, әкеміздің арқасын үзетінбіз, мыти, шымши, ырғай, шайпай бармақпен, саусақпен, өкшемен, шынтақпен, алақанның сыртымен сан алуан үзбе жасайтынбыз. Әкеміз ұйықтап кетті-ау деген шақта, ол кісі көзін ашып алып: “Түк жасаған жоқсыңдар” дейтін еді. Басқаны білмейміз інім екеуміз қатаң тәлім алдық. Шешеміз “Ұлдарды зығыр қылдың” дегеніне “Ертең өз баласы болғанда, тап осыны істетеді” дейтін. Әкеміз осы адамды зығыр қылатын үзбе жасату арқылы бізді қазақылыққа тәрбиелепті. Оны кейін келе білдік. Қораның боғын ұлына алғызғанына мәз болған әкелерді де көріп өстік. Бірақ әкеміз біздің бойға ешкімге бас имейтін қазақылықты сіңіріп кетіпті. Ұлын ана тілінде сөйлетуге қанша жерден оқыған, қанша жерден ғұлама болса да даналармыздың үйрете алмауы сабыр сақтауға жетелей білмеуінен бе деген ойға қалам кейде. Хош, сонымен бір кездері Томск генгубернаторлығына қараған Белағаш өңірін қазақтандыру релсіне түсірген Сейітмұхмет Тәбәрікұлы мен оның шәкірті егемендіктің алғашқы жылдары қазақтан шығып, аудан әкімі болған Болат Сапоров жүзеге асырды. Менің әкем өз ұрпағының ұлттық қорушысы болса, олар орыс тілді ортаның тұнығын тәрк етіп, төл ділімізге бас бұрған алаш баласының әкесіндей қамқоршы бола білді. Тоқсан орыс тілдіге тоғыз орыс тілді қазақтан келетін жер қазақ мәдениетінің бесігіне айналды. Оған куә - биылғы жылы ШҚО Бородулиха ауданының 70 жылдығына орай Жастар мен балалар арасындағы қазақ фэнтезиінің атасы Таупық Рымжанов атындағы республикалық поэтикалық байқау. Осы байқау аймақ басшысы Бердібек Мәшбекұлының ұйытқы болып ашқан, Столыпин реформасымен аруақтанған, кеңестік Тың игерумен арайланған қара шекпенділер тентек найман, тобықты мен уақтан бауырларына басып алған жерлердегі қазақ газеттерінің өмірге келуі болды. Міне, сол газеттер орыс тілді ортадағы ұлттық мәйегінен ажыраған қазақтарды милеттің үйіріне қосып отырған жайы бар. Бердібек Сапарбаев талай жылдан бері “Туған жерге тағзым” акциясын тұрақты өткізіп келеді. Одан біздің Белағаш өңірі де тысқары қалмай, ұлттық ділді ұлағаттаған жыр мүшайрасын өткізуді жақсы жолға қойды. Биыл бірінші рет Таупық Рымжанов атындағы республикалық поэтикалық байқау өтіп, ақшалай сыйлық қойылмаса да, 100 аса 10-20 жас аралығындағы қазақ елінің әр түпкірінен сөз өнеріне таласы бар жас әдебиет сайыпқырандары проза, драма және поэзия жанры бойынша өз жүрекжарды туындыларын жіберіп, мынандай орындарды иеленді: ДРАМА 1.Ғилымханов Мәрлен Мәлікұлы - Бас жүлде ПРОЗА 2.Әжіғалиева Анар Бейсенбекқызы - 1 орын 3.Таунар Қайратұлы - 2 орын 3.Ғилымханов Мәрлен Мәлікұлы - 2 орын 4.Досжан Нұрболат Қуантайұлы - 3 орын 5.Мықтыбай ЫБЫРАЙЫМ - 3 орын 6.Маратова Дана - Бас жүлде 7.Елдос Тоқтарбай - 1 орын ПОЭЗИЯ 8.Алпамыс ФАЙЗОЛА - бас жүлде 9. Маратова Жансая - 2 орын 10.Қанатқызы Дана -1 орын 11.Қасенова Тоқжан Рамазанқызы - 3 орын 12.Айтбаева Нұрай - 3 орын 13.Досжан Нұрболат Қуантайұлы - 1 орын 14.Нұрсұлтан Ережепов - 3 орын 15.Азамат Базарбаев- 2 орын 16.Ғилымханов Мәрлен Мәлікұлы - ынталандыру сыйлығы 17.Дәулетбек Мияутов - ынталандыру сыйлығы. Осы іріктеуге ұлты үшін ішкен асын жерге қоятын өзінің милетшілдік үлесін қосқан Гүлзат Шойбекова, Асқар Алтай, Думан Рамазан, Дәулеткерей Кәпұлы, т.б. ақын-жазушыларға алғысымыз зор. Қазаққа тіліміз жойылып барады деп қара аспанды төндірудің еш керегі жоқ. Сыр бойындағы ақмешіттік, шымқалалық бауырларымыз Үкіметтің еш араласуынсыз, өз қаржыларымен орысқа кеткен жерлерді қазаққа қайта оралтып отыр, осыған тәуба дейік, ағайын! Отбасылық жағдайға тағы бір айналып соғайын, менің әжем Зейнеп Молдабекқызы 100-ге келіп қайтыс болды. 90 жасында алғашқы тісі түсіп, 94 жасқа дейін ораза ұстады. 1886 жылы дүниеге келіп, 1987 жылы дүниеден озды. Құран Кәрімді жатқа білетін. Ақ қашып, қызыл қуған кездің талай оқиғасын айтатын еді. Бұдан бөлек, дінге берік әжемнің қолынан дәм татқан менің сәбилік өмірімде ерек із қалдырған екі жерлесім бар: олар Мұхтар Мағауин мен Несіпбек Айтұлы. Қазақ тілі өзін жоқтауды еш керек етпейді, бізден тек баламызға ұлттық тәрбие бере білуімізді ғана керек етеді. Оны маған әкем өз арқасын үздірумен дәлелдеп кетті. Ал, сізді өз әкеңіз қалай тәрбиеледі, ол өз санаңыздағы ерек дүние оған ешкім араласа алмайды. Сыртқа жайғың келсе жай, жайғың келмесе ішке бүк, ешкім саған қой демейді. Тек тілді жеке басың үшін қалқан қылма... Қазақ тілі өз тілінде сөйлеп, өз тілінде өзін танытатын сіз бен біз тұрғанда жойылмайды. Қалғаны Мұқағалиша ертегі...

ult.kz