«ASTANA INVEST 2010» форумы өтті

          «ASTANA INVEST 2010» Бірінші  Халықаралық инвестициялық форумының жұмысын Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов және  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»  АҚ басқарма Трағасы Қайрат Келімбетов  ашты.

            «Астана біздің тәуелсіздігіміздің нышаны  экономика дамуының локомотиві ретінде бірінші кезекте шынайы инвестицияларды  тарту және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыру тұрғысынан үлгі көрсетуі тиіс», - деді премьер К.Мәсімов «Астана инвест 2010» бірінші халықаралық инвестициялық  форумында сөйлеген сөзінде.

             «Соңғы он жылдықта аймақтық жалпы өнім 50 еседен астамға өскен. Елдің  ЖІ-дегі Астананың үлесі 1,5%-дан 10%- ға дейін өсті, өнеркәсіп өндірісі көлемі 7  еседен астам өсті. Астана көшірілген мезеттен бері негізгі капиталға тартылған  инвестиция көлемі 22 есе көбейді», - деді   И.Тасмағамбетов.

           Сонымен бірге, қазіргі таңда ШОБ  Астана ЖА-нің 60%-н құрайды, ал оның құрылымындағы қызмет көрсету сегменті  2009 жылғы 33,3%-дан биыл 43%-ға жетіп   отыр.

           «Кез-келген қарқынды дамып келе  жатқан қала секілді Астана да үлкен  қаржы құюлуын талап етеді. Елорданың   инвестициялық әлеуетін толыққанды ашуға қажетті жағдай мен мүмкіндіктер жасалған  деп айта кеткен жөн. Өзара ынтымақтастық  алаңы кең. Бүгінгі кеңейтілген көрмеде  сіздердің назарларыңызға бірлесіп жүзеге  асыруға дайын 115 жоба ұсынылады», - деді  И.Тасмағамбетов.

            «ASTANA INVEST 2010» Бірінші  Халықаралық инвестициялық форумының қатысушыларын Астана экономикасына белсенді түрде қаржы құюға шақырды.

             «Бұл тек материалды қайтарым алудың ғана  емес, сонымен қатар жаңа қала – Қазақстан   елордасының негізін қалаушылардың тарихи тізіміне кірудің тиімді мүмкіндігі», - деп  атап өтті И.Тасмағамбетов.

              Бұл ұсыныс қолдау тапты. Сол күні   ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға  қол қою салтанаты өтті.

               Астана қаласы әкімдігі мен   Fortistmoore Holding LTD компаниясы  арасында ынтымақтастық жөніндегі,  Астана қаласы әкімдігі мен Пекин сәулетқұрылыс саласындағы жауапкершілігі  шектеулі компаниялар тобы арасында  ынтымақтастық жөніндегі, «Казкомплект» инвестииялық компаниясы»   ЖШС мен Fortistmoore Holding LTD  компаниясы арасындағы т.б көптеген   Меморандумдарға қол қойылды.