ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН КЕЗ ЖЕТТІ

d182d0bed293d18bd0b7d29bd2b1d0bcd0b0d0bbd0b0d29b2          

 Жақында Алматы қаласындағы Қазақтың спорт және туризм академиясында «Ұлттық спорт пен ойындардың бүгінгісі мен  болашағы» атты республикалық ғылыми – тәжірбиелік конференция өтті.

             Конференцияның өтуіне ҚР Білім және ғылым министірлігі, ҚР  Туризм және спорт министірлігі, ҚР ұлттық спорт түрлері ассоцациясы, ҚР «Қыран федерациясы», ҚР және халықаралық   тоғызқұмалақ қауымдастығы, ҚР ұлттық ат спорты федерациясы, Алматы қаласы туризм дене шынықтыру және спорт  басқармасы, «Жалайыр Шора» құсбегілер орталығы, «Хан  дойбысы» қауымдастығы белсене атсалысып өздерінің ұлттық  дәстүрлеріміздің шынайы жанашырлары екендіктерін тағы да  бір дәлеледі.

           Конференция ұлттық ойындар, ат спорты, зияткерлік,  саятшылық және балуандық өнер, күш өнері сынды бес  ғылыми бағыт бойынша жұмыс  істеді.

           Шара барысында ұлттық   ойындар мен спорт түрлерінен  көрме ұйымдастырылды. Оған  саятшылық бағыттан «Қыран федерациясы», «Жалайыр Шора»  құсбегілер орталығы қатысып,  жиылған жұртшылыққа бүркіт,  қаршығаларды және осы өнерге  қажетті құрал-жабдықтарды көр сетті. Сондай-ақ, көрмеде стенділер де ел назарына   ұсынылды.

             Сонымен қатар, көрме барысында «Тоғызқұмалақ» және «Хан  дойбысы» сияқты зият керлік   ойындардың ережесі түсін дірілді.

            Ал, «Ат спорты» федерациясы, «Алтын жебе» садақ ату федерациясы және Мемлекеттік  орталық мұражай қызметкерлері  бірлесе отырып, садақ ату, «жамбы ату», ойындарынан   Қазақтың спорт және туризм  академиясының таудағы шаңғы базасында тәжірибелік сабақ  өткізді.

           Көрме өтіп жатқан тұста  ұлттық ойындардың жанашырларымен тілдесудің де сәті түскен   еді.

 

Әлихан БӘЙМЕНОВ, Тоғызқұмалақ федерациясының   төрағасы:

- Тоғызқұмалақ қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігі, облыс әкімшіліктерінің қолдауы арқасында бұл ойынмен шұ ғылданушылардың саны 100 мыңға жақындады. Тоғыз құмалаққа халықаралық деңгейде  де қызығушылық өсіп келеді.

       Қазір тоғызқұмалақпен тек  шетелдегі қазақтар ғана емес,  Англия, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Түркия, Франция,  Украина, Қытай, Канада, АҚШ  мемлекеттерінде жергілікті  тұр ғындар да әуестенуде.

          Тоғызқұмалақ үш рет: 2006  жылы - Лондонда, 2008 және 2009  жылдары Чехияда дүниежүзілік  зияткерлік олимпиаданың  бағдарламасына енді.

          2007 жылы Македонияның  Охрид қаласында өткен Түркі  тілдес халықтардың жастар  құрылтайында 40 елден келген  240 делегатқа ұлттық ойыннан семинар өткізілді. Шетелдегі  қазақтар және тоғызқұмалақ  насихаттаушылары үшін Англияда /2009 ж./, Қытайда /2008 ж./, Түркияда /2007, 2008, 2009 жж./, Өзбекстанда /2009, 2010 жж./, Ресейде /2007- 2008 жж./, Францияда /2009, 2010 жж./, бірнеше әдістеме таныстырушылық шаралар, жарыстар ұйымдастырылды.

          2008 жылдың 01-08 маусым күндері ҚР президентінің  жүлдесі үшін халықаралық жарыс  барысында, ел спортшылары шетелден келген делегаттармен  бірлесе отырып Халықаралы    Тоғызқұмалақ Қауымдастығын  құрды  2009 жылдың15 қыркүйегінен бастап, әлемдік ғаламторда тоғызқұмалақ зияткерлік ойын ретінде тіркеліп, www. iggamecenter.com - сайтында тоғызқұмалақтың онлайн  жүйеде ойнайтын бағдарламасы  жасалынды.              Алдағы уақытта  төрткүл дүниенің мықты  ой шеберлерімен осы сайтқа кіру арқылы электрондық  бағдарламада тоғызқұмалақ   ойнауға болады. 2009 жылдың 1 наурызынан бастап  ақпараттық кеңістікте  тоғызқұмалақты насихат-бағдарламасына қосымша сабақ ретінде енгізу керек.

           Сонымен қатар, БАҚ арқылы  тек тоғызқұмалақ ғана емес, қазақтың ұлттық ойындарын  барлығы ел арасына кеңірек  таралғаны дұрыс. Мәселен,  тоғызқұмалақты «Қазақстан», «Еларна» т.б телеарналар арқылы аптасына 2-3 рет хабар  берілсе, тікелей эфир арқылы ойнатылса онда тоғызқұмалаққа  деген қызығушылық арта түскен  болар еді.

 

Есенгүл АРЫС, «Алтын жебе»  Садақ ату федерациясының   президенті:

- «Алтын жебе» Садақ ату  Федерациясы былтырғы жылы құрылды. Біздің мақсат – садақ ату сияқты ата-бабамыздың  қалдырып кеткен мұрасын  жаңғыртып қайтадан қазіргі ұрпаққа аманат ету. Садақты бүгінгі ұрпақтың қолына ұстату арқылы олардың ұлттық рухын  тау үшін жаңа www.9kumalak.  kz сайты халықтың назарына   ұсынылды.

          2009 жылы шет елдерде 6 халықаралық жарыс, 4  халықаралық семинар өткізілсе, ХІІІ-ші ҚР Президентінің  жүлдесіне арналған халықаралық  жарыс, 6 республикалық ресми чемпионат, 9 республикалық  рейтингтік жарыстар, ІІ-ші Жастар ойындары, ІV «Ақбидай» ауыл ойындарының спартакиадасы, Жоғарғы оқу орындарының  арасындағы V-Жазғы Универсиадасы секілді іс-шаралар  өткізілді. Шет елдерде өткен халықаралық жарыстардың  барлығында да Қазақстан  құрамасы топ жарды.

           2009 жылы тұңғыш рет Азия  чемпионаты өткізілді.  Т о ғ ы з қ ұ м а л а қ т ы  Қазақстанда және халықаралық  деңгейде дамытудың нақтылы  жолдары ретінде бірнеше басым   бағыттар бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Тоғызқұмалақты  жастар арасында кеңірек насихаттау үшін оны мектеп  көтеру. Ұлттық спторттың бір түрі садақ ату дейтін болсақ  оны, қағаз түрінде емес өмірде  жаңғырту . Мұның өзі қазақтың рухын биікке көтерудің бірден- бір жолы деп есептеймін.

           Ең өкініштісі - бізде садақ   ататын бірде-бір мемлекеттік  жебедромның жоқтығы. Біздің   федерацияға келушілер садақпен  танысқаннан кейін «мұны қайда  атамын?» деп сұрап жатады.

          Меніңше садақ ату өнері де  мемлекеттің қолдауын қажет    етеді.

 

         Әнуар ҚАБДОЛДАҰЛЫ,  «Хан дойбысы» ойынының   жаңғыртушысы:

-2005 жылдан бастап «Хан  дойбысы» ойынын ұлттық  спорт түрлерінің қатарына енгізу мәселесімен арлы-берлі  шапқыладық. Бірақ ә дегеннен  ісіміз оңға баса қоймады. Кейін Қайрат Жақияұлы атты жанашыр азаматтың қолдауымен  ойынның авторлық құқын қорғап, ұлттық ойынымыз екенін  дәлелдей білдік. Бірақ осы кезде де ҚР Спорт және туризм  министрлігі «Хан дойбысына»  оң қабақ танытқан жоқ. Содан кейін бұл мәселені Елбасыға  жеткіздік. Сөйтіп Мемлекет   басшысының қолдауымен 2008  жылдың қаңтар айында «Хан  дойбысы» ҚР Спорт және туризм министрлігінде қазақтың  дәстүрлі ойыны болып танылды.

            Бірақ, осылай бола тұра «Хан  дойбысы» мемлекеттің қолдауын көріп келе жатқан жоқ. Спорт және туризм министр лігіне «Хан дойбы сының» жеңімпаздарын қазақи  ұлттық бұйымдармен марапаттағанымыз ұнамайтын сияқты.

           Қолымыздың қысқалығына  қарамастан «Хан дойбысының»  қайта жаңғыруы жолында еңбек  етіп келеміз. Күндердің күні  билік басындағылар бұл ойынға  түсіністікпен қарайды деген ойдамын.

          Қарап отырсаңыз, ұлттық  ойындарымыздың қай-қайсысын  болмасын дамыту жолында  кедергілердің бар екені анық.

         Мұның бәрі конференция барысында жасалған баяндамаларда да ашық айтылды.

        ҚР Туризм және спорт  министрлігінен Қамбарбек   Мұсабеков «Ұлттық спорттың Қазақстанда дамуы», ҚР және   халықаралық тоғызқұмалақ  қауымдастығының төрағасы Әлихан Байменов «Тоғызқұмалақ:  Ұлттық жаңғырудан төрткүл дүниеге жол», ҚР Мемлекеттік   орталық мұражайының  қызметкері Хинаят Бабақұмар «Көшпенділердің дәстүрлі  ұлттық спорты түрлері мен  оны замана талабына үйлестіру  тәжірбиелері хақында», «Хабар» телеарнасының қызметкері  Айбек Шорабаев «Түркілердің  ұмыт болған ойындары» атты  тақырыптарда баяндама жасап,  қатысушыларға көп ой салды.

           Ұлттық спорт түрлерінің қай-қайсысының болмасын жағдайы мәз емес. Бәріне сол қолбайлау  болатын қаржы мәселесі екені де  жасырын емес.

          Ат спортын дамытамыз дейміз,  бірақ елімізде жібі түзу иппадром жоқ. Садақ атқысы келетіндерге  жебедром да жоқтың қасы.

           Ал, «Хан дойбысының»  жаңғыртушылары болса  шахматқа 5 млн теңгені ойланбастан бөліп жатқан мемлекет,  «Хан дойбысына» келгенде 1 млн   теңгені беруге қиналатындығын айтуда. Мұнымен қоймай,  билік басындағылар «Хан  дойбысының» жеңімпаздарына домбыра, торсық, қамшы, қобыз  сияқты ұлттық келбетімізді  айшықтайтын сый-сияпаттар жасауға да қарсылық көрсетіп   бағуда екен. Сонда бұл жерде  биліктің көксегені не? Бұл жағы  тағы түсініксіз...

           Ұлттық ойындарымызға  қырын қарау – ұлт тағдырына  балта шабумен пара-пар. Ендеше ұлттық ойындарымызды  ұлықтайтын кез жетті, ағайын!

           Ұлы Мұхаң: «Ел боламын  десең, бесігіңді түзе» дегенді  тектен-тек айтып кетпеген болар.

Гүлмира САДЫҚОВА