Қаза тапқандарға құрмет көрсетілді

Естеріңізде болар, осы жылдың  наурыз айында Шығыс Қазақстан облысы  Үржар ауданының аумағында тікұшақ  апатқа ұшырап, табиғаттың төтенше құбылысынан зардап шеккен азаматтарға  көмек крсетуге бара жатқан сегіз Адам  қаза тапқан болатын.

       Облыс әкімдігі азаматтық борыштарын өтеу кезінде көз жұмған азаматтарды  марапаттау жөнінде Елбасы Нұрсұлтан   Назарбаевқа ұсыныс білдірген көрінеді.

         Ұсыныс қолдау тауып, 30 сәуір күні мемлекет басшысы қапияда қаза тапқан жандарды мемлекеттік наградалармен марапаттау ж_нінде Жарлыққа қол қойыпты.

           Таяуда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тікұшақта көз жұмған азаматтардың туған-туыстарына мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыс етті.

           Аймақ басшысы Мақаншы ауылдық  округінің әкімі қызметін атқарған Ербол Сағымбековтың, экипаж командирі   Владимир Столбовскийдің және  облыстық аурухананның дәрігері Валентина Тюктиваның туыстарына «Құрмет»  орденін тапсырса, Благодарное ауылдық  округі әкімінің міндетін атқарушы болған Болат Ыбыраев, тікұшақтың  екінші ұшқышы Юрий Тюрников,  борт-механигі Сергей Барабанов және облыстық санитарлық авиция фельдшері  Анжела Стрельникованы «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

– Қаза тапқан қызметкерлер бұл  марапатқа лайық. Біз оларды ешқашан  да ұмытпаймыз. Артында қалған бала- шаға, туған-туыстарына қолдан келер  көмектің бәрін жасаймыз, – деді өз   сөзінде Б.Сапарбаев.

 

А.ӘБІЛҰЛЫ