Қиындықпен басталған жол Арыстан, Арысына айналдырды Алаштың!

d182d3a9d0bbd0b5d0b3d0b5d0bd-d182d399d0b6d196d0b1d0b0d0b5d0b22       

Қазақтың крнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның  ғылыми психологиясының іргетасын қалаған ғұлама ғалым, психолог Т. Тәжібаевтың жүз жылдығына байланысты трт томдық таңдамалы шығармалар жинағы шықты. Оның үш томы «Қазақ универстиеті» баспасынан, тртінші томы жақында «Тұран» баспасынан жарық көрді.

        Замандастарының естеліктері енген, біртуар тұлғаның сан қырлы жетістіктері жайлы сыр шертетін кітаптың оқырманға берері мол.

         Кітап Т.Т.Тәжібаев атындағы Этнопсихология және этнопедагогика орталығының және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  редакциялық баспа кеңесінің шешімімен ұсынылды.

             Редакция алқасының мүшелері - Қ.Б. Жарықбаев, С.Ш.Мәдиев,  Ж.Т.Түркпенұлы, А.Құлсариевалар.

           Құрастырушылар, профессор Қ.Б.Жарықбаев пен доцент С.Ш.Мәдиев   және Қазыбек Иса.

      Біз бүгін мерейтойға арналған осы тртінші томнан үзінділер жариялап отырмыз.

 

ҚЫМБАТ ТА,  ҚҰНДЫ ДҮНИЕ

          Қазақстанның тарихында  ерекше орны бар жарқын тұл ғалардың бірі, мемлекет және қоғам  қайраткері, айтулы академик  Төлеген Тәжібаев туралы естеліктердің басым көпшілігі оның  80-жылдық (1990) мерейтойының  қарсаңында жиналып, сол жылы  өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның 3 томдық  жинағының бірінші томында жарияланған еді. Естеліктердің қалғандары осыдан кейін жарық көрген  басылымдардан (1993, 2002, 2006  жылдар) алынып отыр.  Ғалымның биыл, 2010 жылы  өткізілетін 100 жылдық мерейтойының қарсаңында жарық  көріп отырған оның 4 томдық шығармалар жинағына енетін материалдар бірнеше жыл бойы елеп- екшеліп, сұрыпталып, жиналды.

         Жинақтың төртінші томына   еліміздің мәдени-рухани өміріне  белсене араласқан  замандастарының  әркезде жазылған жүзге жуық  естеліктері еніп отыр. Бұл авторлар бір кезде Төлеген Тәжібаевпен  қызметтес болған, жан сырын  бөліскен жақын ғалым жолдастары, замандастары мен шәкірттері,  ағайын, жекжат туысқандары. Олар Тәжібаевты әр қырынан (ғалым, дипломат, мемлекет, қоғам қайраткері  т.б.) сондай-ақ моральдық адамгершілік қасиеттері тұрғысынан    суреттейді. Әрине, бұл естеліктер  кейде бірін-бірі қайталайтыны,  біріне-бірі ұқсас келетіні де  кездеседі. Әйтседе, Т.Тәжібаевтің жарқын бейнесін, тұлғалық  өнегелі  қасиеттерін аша түсетіні хақ.

          Бүкіл саналы ғұмырын халқына,  ғылымның сан саласына, өзінің көзінің қарашығындай қадірлеген   сүйікті университетіне арнаған   ағамыз туралы шәкірттерінің әлі де  талай еңбек жазары анық.  Естеліктер халқымыздың   аяулы перзенті парасат-пайымы   бөлек, білім-білігі ерен Дінмұхамед   Ахметұлы Қонаевтың шағын   мақаласынан басталады да, қалған адамдардың лауазымдарының үлкен-кішілігі ескеріліп (алфавит тәртібі сақталмай), құрастырылды.

          Естеліктің оның көзін көрген    қазіргі аға ұрпақ пен бүгінгі өскелең  жастарымызға өнеге боларлық   жақтары баршылық. Ғалым дипломат, қоғам қайраткерінің қыр- сырын түбегейлі қарастырып, ерен   тұлға туралы естеліктер мен ғылыми  мақалалардың басын біріктірген   қымбат та құнды дүние жарық көріп   отыр. Ұлт ұрпағын аялап, алысқа, арманды жолдарға бастаған ұстаздық  ғұмырдың ең биік бағасы да осы  шығар.

          Олай болса, бұл жинақтыда   оқырман қауым жылы лебізбен   қабылдайтын болар деген  сенімдеміз.

Құрастырушы, академик

Құбығұл ЖАРЫҚБАЕВ

 

 

 

Дінмұхаммед ҚОНАЕВ

 

ҚАЙРАТКЕР   ТҰЛҒА ЕДІ…

          Төлеген Тәжібаев қазақтың   белгілі ғалымы, үлкен қоғам  қайраткері еді. Ол кісімен Халық комиссарлар кеңесіне қызметке ауысып келген тұста таныстым. Кейін  қызметтес болдық. Соғыстың күйіп   тұрған уақыты, мұрнымыздан шаншылып жатамыз. Соған қарамастан   ел тағдыры, халқымыздың болашағы,  оның ертеңгі ұрпағы жайында ортақ әңгімеміз таусылмас еді. Төкең   қазақтан шыққан тұңғыш дипломат,  республиканың алғашқы Сыртқы  істер министрі. Ол ұзақ жылдар бойы  Қазақ мемлекеттік университетін басқарып, оның қалыптасып, қанат   жаюына зор үлесін қосты.

           Мен Ғылым академиясында   істеген кезде, ұмытпасам, 1954 жылы  Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі болып сайланды. Тәжібаев   қоғамдық, мемлекеттік қызметті зор ғылыми-зерттеу жұмыстарымен   ұштастыра білген оқымысты. Психология саласындағы зерттеулері   қазақ топырағында осы ілімнің дамуына, оның дұрыс қалыптасуына  игі ықпалы тиді.

 

 

Яхия ӘУБӘКІРОВ,

ҚР ҰҒА академигі:

 

ХАЛЫҚТЫҢ   БІРТУАР ҰЛЫ

       Ғалым, педагог-психолог, жарқын тұлға, мемлекет қай раткері,  дипломат Төлеген Тәжібаев – халқымыздың біртуар ұлы мыздың   бірі. Төкеңнің өмір баяны көпшілікке  белгілі.    Ол Оңтүстік Қазақстанда  1910 жылы дүниеге келіп, өзінің   барлық саналы өмірі қиын-қыстау   мол Кеңес мемлекеті кезеңінде  өтті.

          Ол 1928 жылы Шымкент қаласында  педагогикалық техникумды үздік   аяқтап, сол оқу орнында ұстаздық   қызметке қалдырылды. Техникумды бітіре салып оқытушылық  қызмет атқару жас маманның   ерекше білімі мен дарындылығы,  табиғи қабілеттілігі бірден көзге түскенін білдіреді. Жас жеткіншек  сол заманғы аумалы-төкпелі өмірде өз болашағын ғылымға, ұстаздыққа   айтарлықтай табандылықпен,  қызығарлық тұрақты бет бұрғанын байқатады. Халқымыздың қалың   ортасында өскен жас түлек 1931 жылы Москвадағы Коммунистік  тәрбие Академиясына түсіп,  1935 жылы ерекше талапкерлік  білдіріп, академияның “психология” мамандығы бойынша аспирантурасына түседі. Ол кезде қазақ баласының орыс тілінде оқып,  аспирант болуы таң қаларлық   жағдай екенін айтуға болады.

           Әрине, аспирантураға өз бетімен   түсуі, бәсекеге таласқан орыс  жігіттерінен озып шығуы, Москва   профессорларының қазақ баласына   Көңіл аударуы да Төкеңнің жарқын бейнесін, ақыл-парасатының   артықшылығын дәлелдейтіні сөзсіз. Төлеген Тәжібайұлы 1938 жылдан   бастап Қазақстан жоғары мектебінің  қара шаңырағы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтында педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы  институтта қызмет атқара жүріп 1939 жылы бүкілодақтық маңызы  бар “К.Д.Ушинский – Ресейдегі  педагогикалық психологияның негізін қалаушы” деген та қырыпта  кандидаттық диссертация қорғайды.

          1939 жылы ғылым кандидаты болу  өте сирек кездесетін оқиға еді.  Диссертация тақырыбының өзі  жас ғалымның күрделі және қиын  мәселені қозғап, осы салада жан-жақты талдау жасай отырып, өте зор  еңбек атқарғанының кепілі. Талабы  мол, өте байыпты, табиғи ақылы,  ой-өрісі ерекше тұлға республика  басшыларының назарын аударып, Төлеген Тәжібаев Қазақ ССР Ағарту  наркомының орынбасары, онан соң Нарком қызметіне тағайындалды.

          30 жастағы жігіттің нарком болуы  да кездейсоқ оқиға емес. Төкеңнің  педагогика, психология ғылымдары   саласындағы терең білімділігі,  табиғи дипломаттық ерекшеліктері ол кісінің Қазақстандағы тұңғыш Сыртқы істер министрі қызметіне  тағайындалуынан көрінді.

         1944-1957 жылдары Төлеген Тәжібайұлы  республиканың дипломатиялық  ұйымын басқарды. Осы қызметінің  нәтижесінде Төкең Біріккен Ұлттар  Ұйымының V сессиясында Совет делегациясының құрамында  болып, Америка Құрама Штаттарына ресми барып қайтқан   алғашқы қазақ азаматы болғаны  белгілі. Төлеген Тәжібайұлы 1948 жылы Қазақстанның мемлекеттік  университетінің ректоры болып  тағайындалды. 1949 жылы оған профессор атағы берілді. Мен  Төкеңді 1949 жылдан өмірінің соңғы  мезгіліне дейін білуші едім. Әсіресе  ректор болған кезінде және ҚазМУ- дың педагогика және психология кафедрасын меңгерген жылдары жиі  кездесетінбіз. Ол кісінің маңғаздығы, ерекше бір байыптылық, өзіне тән   салмақты сабырлылық, жастарға  аса зор қамқорлығы, кішіпейіл адамгершілік қасиеттері қазір еске  түседі. Төлеген Тәжібайұлы ректор, профессор, ғалым докторы, академик, бүкіл Совет одағына белгілі   қайраткер, дипломант бола тұра студент, аспирант, жас мұғалімдерге  қарапайым, қамқоршы әке ретінде  қызмет атқарды. Мен аспирантурада оқып жүргенде, кейіннен  оқытушылық қызметте болғанда да Төкеңнің жатақхана аралап, әрбір  бөлмеде студенттермен кездесіп, ақыл-кеңес берген кездерін көрген едім. Ол кісі ректор болған кездері   студенттерді қабылдауының бір ерекшелігі бар еді. Үлкен кабинетке  40-50 баланы кіргізіп әрқайсысының  мұң-мұқтажын әдептілікпен сұрап, оларға бірден жауап беріп көмегін   көрсететін. Төкең үлкен адам бола тұрып өзіне тән ішкі мәдениетін, өте білімділігін барлық жағдайда  ұстамдылық пен адамгершіліктің тамаша үлгісін қалдырған азамат. Төлеген Тәжібайұлы қазіргі  жастарға, болашақ ұрпаққа ізгі жол сілтеген халықтың мақтаулы ұлы болып мәңгі есте қала бермек.

 

 

       ДАРА ШЫҢ

Бағаланған тірісінде аз-ақ шың...

Бүгінде елің болып отыр азат шын.

Барлық елдер бас қосқан бас жиында,

Басты сөзді бастап берген қазақсың!

 

Жетістікке өзің жеткен жетер кім,

Арқалатты билік саған бекер мұң...

Сыртқы істерді сындарлы етіп басқарып,

Білімді де биіктерге көтердің.

 

Қаншама елдің көсемімен жарастың.

Ұлтың үшін ұлтсыздармен таластың...

Қиындықпен басталған жол Арыстан,

Арысына айналдырды Алаштың!

 

Аймаңдай ең Алаш жырын құптар шын,

Аймауытов ұлағатын ұққансың.

Жер ғана емес, ділімізді жыртар деп,

Тыңға қарсы — мыңға қарсы шыққансың.

 

Зобалаңда батыл шықты үнің де...

Барлық күшті сала білдің білімге.

Жүзжылдықты бастап елдің бәрінен,

Шардара да шалқып жатыр бүгінде.

 

Жетелі ұлды көрсең, желеп, жебедің.

Кемеңгер ең, келіп еді кемелің...

Ұлт мүддесін қорғай білген Ер едің,

Мәңгі ардақтай береді енді Сені елің!

                                                                                  Қазыбек ИСА

                                                                                       01.06.2010