Боксшы Төрехан Сабырхан орысша сұрақ қойған тілшіге: "Қазақша үйреніп келіңіз!"
2026 ж. 09 қараша
123
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан спортшылары Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында тамаша нәтиже көрсетіп, еліміздің мәртебесін асырғанын айтты.
Жиыннан соң бокстан Азия чемпионы Сабырхан Төреханнан сұхбат алған тілшінің орысша қойған сұрағына спортшы "Қазақша дұрыстап үйреніп келіңіз" деп жауап берді.
Бұл туралы видео тик-ток әлеуметтік желісінде жарияланды.
Бұл жағдайға ыңғайсызданып қалған тілші келесі жолы қазақ тілін үйреніп келіп, қазақша сұхбат алуға уәдесін берді.
Шаршы алаңда ел намысын қорғаумен қатар, өмірде Мемлекеттік тіл мүддесін қорғап қалған спортшыға "Қазақ үні" редакциясы атынан алғыс айтамыз!
Қазақ үні