Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтеріледі
2026 ж. 28 қазан
88
0
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға жағдай жасалады. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
— Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс.
— Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді, — деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялап жатқанын жазған едік.