Шымкент тұрғындарына дін сауаттылығын түсіндіру жиыны өтті
2026 ж. 06 қазан
86
0
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 21-25 қыркүйек күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 900-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы – «АQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының теолог маманы, Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы – «IHSAN» Ғылым және мәдениет орталығының төрағасы, Phd, Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы – Алматы қ, Дінтану орталығы директорының орынбасары, дінтану ғылымдарының Phd докторы, Шоманов Болат Шаймолданұлы –гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Жастар арасында медиа сауаттылықты арттыру», «Діни сауаттылық – зайырлы қоғамның маңызды құндылығы», «Жастардың діни көзқарасына әлеуметтік ортаның әсері», «Әлеуметтік желідегі діни ақпарат: шындық пен жалғанның арасы», «Зайырлы мемлекет – тұрақты қоғамның негізі», «Радикалды діни ағымдардың қоғамға тигізер зардабы», «Ақпарат көп, дұрыс таңдау қандай?», «Ар-ождан және діни сенім бостандығы: құқық пен жауапкершілік», «Теріс идеологияға қарсы сыни-ойлау дағдыларын қалыптастыру» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары, студент жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар және т.б. тұрғындар қамтылды.