Алматы тұрғындарымен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2026 ж. 30 қыркүйек
90
0
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 қыркүйек күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 900-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы – ғылыми-сарапшылық қоғамдастық пен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілі, дінтанушы, Шоманов Болат Шаймолданұлы –гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы, Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы – Алматы қ, Дінтану орталығы директорының орынбасары, дінтану ғылымдарының Phd докторы, Сүлейменов Жандәулет Отарбайұлы – «Sapsan» стратегиялық орталығының директоры, теолог секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Деструктивті діни ағымдарға қарсы күш – ұлттық сана», «Діни сауаттылық – зайырлы қоғамның маңызды құндылығы», «ҚР аумағында тыйым салынған діни ағымдар», «Зайырлылық принципі және дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні», «Интернет кеңістігінде діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратудың қауіптілігі», «Террористік және экстремистік сипаттағы деструктивті іс-әрекеттің қауіптілігі», «Ұлттық құндылықтар – ел болашағы», «Теріс идеологияға қарсы сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер, студент жастар, еңбек ұжымдары және т.б. тұрғындар қамтылды.