Жетісу облысының тұрғындарына дін мәселесі түсіндірілді
2026 ж. 29 қыркүйек
94
0
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 қыркүйек күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 700-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Романова Адия Төлегенқызы – ғылыми-сарапшылық қоғамдастық пен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілі, дінтанушы, Булекбаев Ерік Аманкелдіұлы – Жетісу облысы Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ-нің теолог маманы, Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы – ғылыми-сарапшылық қоғамдастық пен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілі, дінтанушы, Сүлейменов Жандәулет Отарбайұлы – «Sapsan» стратегиялық орталығының директоры, теолог секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Дін және қазіргі қоғам: жаңа сын-қатерлер», «Діни сауаттылық – зайырлы қоғамның маңызды құндылығы», «Әлеуметтік желідегі діни ақпарат: шындық пен жалғанның арасы», «Зайырлы мемлекет – тұрақты қоғамның негізі», «Заң, тәртіп және діни қауіпсіздік мәселелері», «Зайырлы ел – саналы ұрпақ», «Сыни ойлау және діни ақпаратты қабылдау», «Заманауи жастар және рухани құндылықтар» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер, студент жастар, спорт және мәдениет саласының қызметкерлері және т.б. тұрғындар қамтылды.