СҚО тұрғындарына дін мәселесі түсіндірілді

СҚО тұрғындарына дін мәселесі түсіндірілді

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 7-11 қыркүйек күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. 

Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды. 

Аталған іс-шараға: Полтаренко Дмитрий Сергееевич – кәсіби медиатор, Қарағанды облысының Азаматтық альянсы Президенті, «Қазақстан азаматтары» ҚБ жобаларды үйлестіруші-директоры, Раздыкова Гульназ Максутовна – сарапшы, РАТТ мүшесі, Жаканов Сакен Багдатович – Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-нің теолог-маманы, Сыздықов Ержан Бақытұлы – СҚО Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-нің бөлім басшысы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты. 

Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Зайырлылық — дінге қарсылық емес», «Конфессияаралық диалог – терроризмге қарсы күрестің негізі», «Дін мәселелеріндегі сыни ойлау және ақпараттық қауіпсіздік», «Тұлғаның психологиялық тұрақтылығы және деструктивті діни ағымдарға тартылудың алдын алу», «Жастардың радикалдану себептері», «Деструктивті діни ағымдар интернет кеңістігінде: негізгі қауіп-қатерлер мен тәуекелдер», «Цифрлық ортадағы ақпараттық қауіпсіздік және діни сауаттылық» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.   

Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер, студент жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар және т.б. тұрғындар қамтылды.