Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды
2026 ж. 03 қыркүйек
118
0
Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
— Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалсын, — делінген құжатта.
Еске салайық, бұған дейін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі, Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы, Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі, Жаслан Мәдиев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалғанын хабарлағанбыз.