Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды

Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Өмірбаяны

Авиация генерал-лейтенанты (05.06.2024)

Үшаралдағы истребительдік полкта қызмет атқарған

Талдықорғанда «Су-27» эскадрильясының командирі

Қарағанды авиация базасының штаб бастығы

Шымкент авиация базасының командирі

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы (05.07.2013–09.2019)

Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының директоры (10.2019–29.12.2022)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы (29.12.2022–30.09.2024)

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары — Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы (30.09.2024–08.06.2025)

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (08.06.2025 бастап)