Бағдат Мусин: Цифрлық ел дегеніміз тек қосымшалар мен серверлердің саны емес
2026 ж. 23 тамыз
63
0
«Қазақтелеком» АҚ басшысы Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс бергеннен кейін Instagram парақшасында былай деп жазды:
«Бүгін мен Құрылтай сайлауында дауыс бердім.
Технология мен цифрландыру саласында көп жыл жұмыс істеген соң, бір нәрсені жақсы түсінесің, кез келген жүйені уақыт өте жаңартып отыру керек. Бұрынғысы жаман болғандықтан емес. Уақыт өзгереді. Жаңа міндеттер пайда болады. Соған сай жүйе де өзгеруі керек.
Меніңше, мемлекетте де солай.
Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан үлкен саяси өзгерістерден өтті. Институттар жаңарып, шешім қабылдау тәсілдері өзгеріп келеді. Қоғаммен ашық диалогқа және жеке жауапкершілікке көбірек мән беріле бастады.