ШАРДАРА ХАЛҚЫНЫҢ КӨП ЖЫЛҒЫ АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ

ШАРДАРА ХАЛҚЫНЫҢ КӨП ЖЫЛҒЫ АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ

Шардара тұрғындары талай жыл күткен маңызды оқиға жүзеге асты. 2026 жылғы 31 шілдеде Қызылқұм қойнауындағы “Тама–Тастанбек” жерасты су көзінен тартылған «Шардара» топтық ауыз су құбыры пайдалануға берілді.

Бұл игі шара туралы “ТРИЛЛИОНДАР ЖҰМСАП, ТАЗА СУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШЕ АЛМАУ - ТАЗА МАСҚАРА!”-деп сыналған ТАЗА СУ ШАРДАРАҒА КЕЛДІ!?." атты мақала кеше "Қазақ үні" ұлттық порталында жарияланып, қоғамның қолдауына ие болуда. 

Аталмыш мақалада ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты болған кезінде Қазыбек Исаның 2021 жылдан Шардарадағы Тама-Тастанбек таза су қорын тартуды көтергенін нақты мысалдармен дәлелдеп көрсеткен едік. Бұл мәселені Үкіметтің алдына қойып, жасаған барлық депутаттық сауалдары келтірілді. 

Бүгін осы мәселеге қатысты сол жылдары Шардара ауданы әкімінің орынбасары болып істеген, осы су жобасы тарихын жақсы білетін Бақтыбай Әліптің пікірін беруді жөн көріп отырмыз.

***

Шардара ауданын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі әр түрлі деңгейлерде көтеріліп келе жатқанына 25-жылдан аса уақыт болды. "Тама Тастанбек" жерасты су көздерінен ауданға су құбырын тарту мәселесін бірінші болып көтерген аудан ардагерлері, олар облыстан, Республикадан келген басшылармен өткен әрбір кездесу-жиындарда, сонымен қатар ауданнан сайланған облыстық маслихат депутаттары әр жылы облыстың бюджетін бекітерде көтеріп жүрді.Бұл жоспарға енгенде болатын. Шардара ауданы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған кең көлемді бағдарламасы қабылданып, облыстық деңгейде қорғалып, тиісті Министрліктермен келісілген болатын. Осы бағдарлама бойынша мәселе 2006-2007 жүзеге асатын болып, Республикалық бюджеттен 1-млрд. аса қаржы (сол кездеге есеппен) бөлінетін болған, кейіннен бұл жоба бюджет тапшылығына байланысты жүзеге аспай қалды. 

Мұнан соң инвесторлар тарту мақсатында аудан, облыс әкімдіктерімен және "Казатомпром" ұлттық компанияларының арасында үшжақты келісім түзіліп, жүзеге асыру мәселесі көзделген. Сол кезде сарапшылар "Тама Тастанбек" жер асты су қоры ары кетсе 25-30 жылға жетеді деп, қаржыландырылмай, жоба іске аспай қалды. 

2010-2015 жылдары ауданды газдандыру, "Тама Тастанбек" су құбыры мәселесі тағыда көтеріліп, ауданды газдандыру мәселесі кезең-кезеңімен 2018 жылға дейін жүзеге асатын болып, Республикалық бюджеттен қаржы қарастырылып, жоспарға енгізілді. (кейіннен бюджет тапшылығына және ЭКСПО-2017ге байланысты қаржыландыру уақытша тоқтатылып, газ тарту мәселесі кешегі күнге дейін жүргізілді).

Су мәселесі үлкен қаржыны талап ететіндігіне байланысты кейінге қалдырылды.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса мен Қайрат Балабиевтер биік мінберден көтеріп, осы мәселе шешімін тапты. Депутаттарымызға үлкен рахмет! 

Жалпы алғанда Шардара халқының көп жылдан бергі арманы орындалды.

Таза ауыз суларыңыз құтты болсын Шардаралықтар! ЕҢ БАСТЫСЫ ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ХАЛҚЫ ТАЗА АУЫЗ СУДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРСІН!

Бақтыбай ӘЛІП,

Қазақ үні