Қызылорда халқына дін сауаттылығы түсіндірілді
2026 ж. 10 мамыр
51
0
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 20-24 сәуір күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Сапар Айсұлтан Нұрлыбекұлы - Ақтөбе қ. «Ихсан» орталығының теолог маманы, Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы – дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы, журналист, дәстүртанушы, Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы– Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушы, Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы – Маңғыстау облысы дін істері басқармасының діни экстремизмнің алдын алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Дін мен зайырлылық ұғымдарының – өзара байланысы, айырмашылығы және ерекшелігі», «Әлеуметтік желі арқылы радикалды діни идеологияның таралуы және олардан сақтану», «Жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау», «Дін және мемлекет: зайырлылық қағидаттары», «Радикалданудың алдын алу мәселелері. Террористік қауіп кезіндегі іс-қимыл алгоритмі» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер, студент жастар және т.б. тұрғындар қамтылды.