Атырау облысы тұрғындарына дін сауаттылығы түсіндірілді
2026 ж. 27 сәуір
60
0
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 13-17 сәуір күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Атырау облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 600-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Шопанова Бақытгүл Мақсотқызы - дін істері басқармасының діни экстремизмнің алдын алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Кабдоллин Мейрамбек Ержанұлы - дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы, дінтанушы, Сапар Айсұлтан Нұрлыбекұлы - Ақтөбе қ. «Ихсан» орталығының теолог маманы, Қалмазұлы Ринат - «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге комек орталығы» қоғамдық қорының бөлім басшысы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында
«Зайырлы мемлекет: заң, ұғым және қағидаттар», «Ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы», «Құқықтық және діни тұрғыда сауатсыздықтан туындайтын қауіптер», «Дәстүрлі діндер мен тыйым салынған теріс діни ағымдардың айырмашылығы», «Әлеуметтік желі арқылы радикалды діни идеологияның таралуы және олардан сақтану», «Деструктивті діни ағымдар және олардың белгілері мен зияндары» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметкерлер, студент жастар және т.б. тұрғындар қамтылды.