Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып келеді
2026 ж. 04 наурыз
61
0
Бүгін Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары аясында Air Astana әуе компаниясының екі рейсі жоспарланған:
Жидда – Ақтау – Алматы бағыты бойынша A320 әуе кемесі (148 орын) және
Жидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша A321 әуе кемесі (184 орын) ұшып шығады.
Сондай-ақ Fly Dubai әуе компаниясының Дубай – Алматы бойынша екі рейсі, Дубай-Астана бағыттары бойынша рейстері жоспарланған (506 жолаушы).
Қазақстан азаматтарын елге тасымалдауды қамтамасыз ету жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдармен үйлестіре отырып жалғасып келеді.