Маңғыстау өңірлік коалициясы өнер ұжымын референдумға қатысуға шақырды

Маңғыстау өңірлік коалициясы өнер ұжымын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін Маңғыстау өнер колледжі ұжымында Қазақстан Республикасының Заң жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Жиын барысында өңірлік коалиция мүшелері 15 наурызда өтетін референдумға қатысуға шақырды.

Іс-шараға “Ақ жол” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төраға орынбасары, коалиция мүшесі Ғазиза Тәжібаева және өңірлік коалиция мүшелері Елмұрат Мекеев, Гүлназ Насрединқызы, Ақылдос Айдынғалұлы, Нұрлыбек Қарабалин, Надежда Вадодария қатысты. Кездесу барысында заң үстемдігін нығайту, әділетті қоғам қалыптастыру, адам құқығы және жасанды интелект түсіндіру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, алдағы референдумға бейжай қарамай, қатысудың, әр азаматтың ой пікірі маңызды екендігі атап өтілді.

Сонымен қатар, өнер колледжінің ұжымы өздерінің сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Ашық форматта өткен жиында қатысушылар тарапынан айтылған ойлар мен ұсыныстар назарға алынып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

- «Жаңа Конституцияның мәтініне сүйене отырып, кіріспе бөлімінен бастап ең маңызды баптарына дейін түсіндіріп өттік. Атап айтқанда, отбасы институты, ер мен әйелдің некеге тұру қағидаттары, жекеменшік құқығын қорғау мәселелері кеңінен қамтылды. Сонымен қатар, ұстаздар тарапынан тіл мәселесі өзекті тақырып ретінде көтеріліп, қойылған сауалдарға нақты әрі жан-жақты жауап берілді», – деді Ғазиза Тәжібаева.