Қызылордадағы "Ақ жол" өкілдері жаңа Конституцияны қолдау бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізді

Қызылордадағы "Ақ жол" өкілдері жаңа Конституцияны қолдау бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізді

"Ақ жол" партиясы Қызылорда облыстық филиалының өкілдері - облыстық филиал төрағасы Б.Сандыбаев, "Ақ жол" партиясының облыстық, қалалық мәслихаттағы депутаттары Қ.Боранбаев, Н.Сопбеков, А.Төлегенова және облыстық филиал қызметкерлері қаладағы «Aray City Mаll» ірі сауда-ойын-сауық орталығының ұжымымен және сауда орталығында жұмыс жасайтын кәсіпкерлермен кездесіп, жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізді. 

Кездесуге келген кәсіпкерлерге Ақжолдық депутаттар Б.Сандыбаев, Қ.Боранбаев және А.Төлегенова мен облыстық филиал заңгері Н.Амангелдиев жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары бойынша кәсіпкерлерге түсіндірме жұмысын жүргізді. 

Сонымен қатар кездесуге БАҚ өкілдері, "Егемен Қазақстан", "Қазақстан" ұлттық телеарнасы, "Кызылординские вести", "Қызылорда облыстық телеарнасы өкілдері қатысып, кездесу соңында Ақжолдық депутат А.Төлегенова телеарналарға сұхбат берді.