"Ақ жол" депутаттары Алматы мен Алматы облысы кәсіпорындарының жұмысымен танысты
2026 ж. 09 қаңтар
374
0
2026 жылы 8 қаңтар күні “Ақ жол” партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев, “Ақ жол” партиясының төраға орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Барлыбаев және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Нұралдинов Алматы қаласының іс-сапарлары аясында Алматы мен Алматы облысының бірнеше кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Мәжіліс депутатарымен бірге “Ақ жол” партиясының Алматы қалалық Мәслихат депутаты Асқар Бисқұлтанов және Алматы облысының Қоғамдық Кеңес төрағасы, “Ақ жол” партиясының Алматы облыстық Мәслихат депутаты Сергей Горяной да қатысты.
Алғашқы кездесуде Мәжіліс депутаттары “Фатих ВХ” ЖШС аяқ-киім өндірісімен танысты. Кәсіпорын директоры Эльмира Айнакулова күнделікті қолданатын аяқ-киім өндеу үрдісіне тоқталды. Зауттың ерекшелігі - шикі заттан толық циклді өндіріс және құрастыру. Басшының айтуы бойынша дайын тауар B2C және B2B каналдар арқылы нарыққа беріледі.

Эльмира Айнакулова ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты Азат Тұрлыбекұлына серіктестікте кездесетін күрделі мәселелермен бөлісті. Мәселен, жаңа жылдан бастап енгізілген салық кодексі біраз кедергілерді әкелетінің және өндіруші ретінде өнеркәсіп министрлігі ұсынған тауар өндірушілер тізіміне кіру қиыншылықтары туралы айтты.
Екінші компания Алматы қаласаның арнайы экономикалық аумақта орналасқан. “Qspace” ЖШС Қазақстанның IT нарығында 16 жыл бойы электрондық өніркәсіп отандық өндіруші болып жұмыс жасап жатыр. Кәсіпорын ұсақ-түйек құрастыру арқылы “Qbyte” брендімен моноблоктар, ноутбуктар мен мониторларды шығарады. Серіктестіктің қалаушысы Жанат Манепов шағын және орта бизнес өкілі ретінде жие өзгертілетін техникалық талаптарына және тауар өндірушілер тізіміне кіру қатты бюрократиялық жүйесіне наразылығын айтты.
Келесі мекеме Алматы облысында 1 гектар жері бар өндірістік аумағында орналасқан. “GLK Extrusion” атты мекемеде Мәжіліс депутаттары зауаттың аллюминийді құю және престеу цехімен танысты. Мәселен, құю цехі айына 1800 тонна шикі затты өндейді, ал престеу цехі 850 тонна дайын өнімді әзірлейді.

Зауыт басшысы Марина Князева ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевке кәсіпорнының әлеуметтік-экономикалық жағдайын айтып берді. Оның айтуынша зауытта 100 адам еңбек етеді, 2025 жылы “GLK extrusion” бюджетке 700 млн теңге астам міндетті салық төлемдерді құрады. Барлық еңбек ұжымына әлеуметтік жағдай қарастырылған: тамақтану, тасымалдау және униформа.
Өкінішке орай “GLK Extrusion” ЖШС салық көдексіне, тауар өндірушілер тізіміне және мемлекеттік сатып алу сияқты мәселелерді ҚР Мәжіліс депутаттарымен бөлісті.
Соңғы кәсіпорын “Fores” ЖШС 2016 жылдан бастап пластикалық терезелер мен есіктерге арналған арматура шығаратын Қазақстандағы бірінші және жалғыз компания. Шикізат ретінде зауыт ZAMAK қорытпасы мен алюминий қолданылады. Өнім желісінің ішкі мазмұны 95% құрайды. 12 500 шаршы метр аумағында 87 маман еңбек етуде, кәсіпорын өткен жылы 350 млн теңге салық төледі.
4 кәсіпорынның барлығының бір ортақ сауалдары Үкімет еңгізіп отырған өзгерістері. Бір айқыны, шағын және орта бизнес өкілдері қиын уақытқа түсіп жатыр.
“Ақ жол” демпартиясының төрағасы Азат Перуашев мекемелер басшыларына “Ақ жол” партиясының Мәжілісте атқарған жұмысы жайлы толығымен бөлісті. Ең бастысы, фракция былтыр жаңа Салық көдексі қабылдаған кезде “Ақ жол” демпартиясының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары толығымен қарсы дауыс берді.
Осыған қоса, Мәжіліс депутаты Азат Тұрлыбекұлы “Ақ жол” демпартиясының кеңсесінде 2025 жылы Өніркәсіп министрілігі еңгізген Тауар өндірушілер тізімі жайлы ШОБ өкілдері мен жауапты шенеуліктер аралығында көптеген дөңгелек үстелдер өткізілді.
Барлық сауалдар Мәжіліс депутаттарына жазба түрінде жіберіледі және болашақта болатын парламенттік сессияларда көтерілетін болады.