Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласында
2024 ж. 01 қазан
630
0
Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 16-20 қыркүйек күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласының тұрғындарымен кездесті.
Аталған кездесулердің мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 700-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Сарсембаев Руслан Мейіржанұлы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтанушы; Мәметбай Нұрсұлтан Әбдісаматұлы – діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының бас сарапшысы;Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы – Алматы қаласы, «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы, теология ғ.PhD д.; Берікбаев Елнар Ғалымжанұлы - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтанушы; Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетенің аға оқытушысы, PhD д. секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Алматы қаласы бойынша тұрғындардың әртүрлі санаттарымен кездесіп, «Сотталғандар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Діни экстремизм және оның алдын алу», «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері», «Зайырлылық және дін» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мемлекеттік қызметшілер, мектеп мұғалімдері, студент жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар және түзету мекемесінде жазасын өтеушілер және т.б. тұрғындар қамтылды.