Түркістанда «Асқақтай бер, Астанам» көрмесі ұйымдастырылды
2024 ж. 09 шілде
461
0

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 6 шілде Астана күніне орай «Асқақтай бер, Астанам» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу. Отансүйгіштікке, азаматтық жауапкершілікке және өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрмеде: Астана қаласының тарихы, Целиноград кезіндегі фотосуреттері, Елбасы Астананы ауыстыру туралы жарлығы, 6 шілде Астана күнін тойлау туралы газет қиындылары, жаднамалар, Астананың алғашқы құрылыстары, Астана қаласының әсем ғимараттарының фотосуреттері, ЭКСПО тарихы газет қиындысы, фотосуреттері, Қ.Нұрқаділованың ЭКСПО-ға арналған дизайнерлік көйлегі, шыны сөрелерде кітаптар мен журналдар ұсынылды.
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Сарыағаш музейі филиалында
6 шілде Астана күніне орай «Берекелі Астанам» тақырыбында музейге келуші қала қонақтарына аталған тақырыпта лекция оқылды.
Лекция мақсаты: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу. Отансүйгіштікке, азаматтық жауапкершілікке және өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Лекцияда Астана қаласының тарихы, Целиноград кезіндегі қысқаша тарихы , Елбасы Астананың жарлығы, 6 шілде Астана күнін тойлау туралы жаднамалар, Астананың алғашқы құрылыстары, Астана қаласының ЭКСПО тарихы баяндалды.