Азат Перуашев: «Ақ жол» Алаш жолынан таймайды

Азат Перуашев: «Ақ жол» Алаш жолынан таймайды

Кешегі экзитпул бірқатар сұрақтар қалыптастырды. Қортынды шығарып, анық-қанығына көз жеткізуді жалғастырамыз (маслихаттар сайлауын қоса алғанда), сонымен қатар, ОСК мен БП-ға жаңа сауалдар дайындаудамыз (бюллетеньдерді көптеп тастау, бірқатар сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санауға байқаушыларды жібермеу, хаттамалардың көшірмелерін беруден немесе тіпті нәтижелермен танысудан бас тарту фактілері бойынша және т.б.). Мысалы, Жамбыл облысында бірқатар сайлау учаскелерінде байқаушылар әлі де (!) учаскелерде жүр, оларға хаттамалар берілмеуде. Бұған дейін сайлау күні біз 17 заң бұзушылық фактісі бойынша ОСК-ға 9 хат және дәл сонша Бас прокуратураға да жолдаған болатынбыз.

Дегенмен, сайлау өтті, олардың маңызын артық бағалау қиын. Сайлауға деген саяси бағамызды кешегі мәлімдемеде бердік (https://akzhol.kz/kk/blog/sajlau-ortnds-bojnsha-a-zhol-demokratiial-partiiasn-mlmdemes ).

Кампания, әсіресе, бір мандатты округтерден өзін-өзі ұсынған кандидаттардың арқасында өзінің ашықтығымен және қарқындылығымен ерекшеленді.

Барлық саяси институттар былтырғы конституциялық реформаға сәйкес қалыптасты. Бұл Қ.Тоқаев реформаларының бірінші кезеңінің аяқталғанын білдіреді, енді екінші кезені жуықта жалғасуы керек.

Естеріңізге сала кетейін, «Ақ жол» демпартиясы Конституция бойынша референдум өткізілгеннен кейін бірден 2022 жылдың шілде айында осы реформаға, парламент туралы, үкімет туралы, сайлау туралы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару және т.б. туралы заңдарға 60-тан астам түзетулер әзірлеп, Үкіметке жолдаған болатын. (https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-demokratiial-partiiasn-konstituciial-reforman-odan-r-damtu-zhne-teredetu-zhnndeg-snstar ).

Өкінішке орай, үкімет, кейінірек парламенттік көпшілік те («Аманат» және «халықшылдар») бұл түзетулерге қарсы болып, тосқауыл қойды. 

Соған қарамастан, біз ұсынған өзгерістер еліміздің одан әрі дамуы үшін қажетті деп есептейміз, бұл ұсыныстардың көпшілігі «Ақ жол» демпартиясының Саяси бағдарламасына енгізілді.

Жақында Мемлекет басшысы реформалардың жаңа пакетін дайындағанын мәлімдегенін білесіздер. Біздің ұстанымдарымыз (бірнеше рет болғандай) Президент бастамаларымен үндес келеді деп сенемін. Парламент пен мәслихаттардағы партия депутаттары Қ.Тоқаевтың өзгерістерін жүзеге асыруға белсене атсалысатын болады.

Осы сайлауда «Ақ жол» демпартиясын қолдаған жарты миллион қазақстандыққа шын жүректен алғыс айтамын. 

«Ақжолдықтар» сіздердің сенімдеріңізді толық ақтайтынына, бағдарламамызда айтылғандай, мемлекеттік құрылыс пен ұлттық мүдделерді, экономикада, өнеркәсіпте, әлеуметтік әділеттілікте, сыбайлас жемқорлықпен күресте ең өзекті мәселелерді алға тартып, тиімді шешімдер ұсынатынына күмәнданбаңыздар. Бұл – «Алаш» жолы, біз бұл жолдан ешқашан таймаймыз.

«Ақ жол» демпартиясының орталық офис пен өңірлердегі үлкен ұжымына алғыс. Өткен жылдардағы және осы сайлаудағы сіздердің табандылықтарыңыз бен күнделікті еңбектеріңіз партияның тағы бір табысының кепілі болды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, «Ақжолдың» жергілікті мәслихаттардағы орны нығая түсті, бұл азаматтарымыздың сенімі мен олардың алдындағы жауапкершілігіміздің артқанын білдіреді. Парламентте, мәслихаттарда өз пікіріңізді қорғай отырып, кәсіпорындарда, ұжымдарда жұмыс жасай отырып, партия ұстанымдарын сайлауалды айла-шарғылардан қорғай жүріп, сіздер қоғам атынан сөз сөйлеп, оның мүддесін ілгерілетуге құқығыңыздың барын іспен дәлелдедіңіз.

Біз, Президент Қ.Қ.Тоқаевтың жаңа реформалар пакетін күтеміз, яғни, өзгерістер қарсыластардың барлық кедергілері мен тосқауылдарына қарамастан, әділ және шынайы Қазақстан үшін жаңа міндеттер мен үлкен еңбектер әлі алда.

Түбегейлі өзгерістер қажет!

Азат Перуашев, 

Телеграм каналынан