Төрт еркек 14 жасар қызды зорлап, видеосын желіге таратқан

Төрт еркек 14 жасар қызды зорлап, видеосын желіге таратқан

Әзербайжанның Барда ауданында төрт еркек 14 жасар қызды зорлап, қылмыстарын телефонға түсірген. 

Қыздың анасы видео үндеу жариялап, кінәлілерді жазалауды сұрады, - деп хабарлайды Qazaquni.kz ақпарат агенттігі AZXEBER.COM. 

Айта кетейік, 14 жастағы қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасап, оның суреттерін таратқан тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Әзербайжан ІІМ Барда облыстық тобының бас инспекторы, полиция аға лейтенанты Аслан Гиясли Барда аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жүргізген шараларының нәтижесінде 4 адам анықталып, ұсталғанын айтты. 

Аталған фактіге қатысты Әзербайжанның Қылмыстық кодексінің 152-бабының 1-бөлігі (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Әзербайжанның ақпарат құралдарында Барда ауылдарының бірінде 14 жасар қызға қатысты сексуалдық әрекеттердің бейнелері тараған болатын. Осыдан кейін қыз тұратын ауылда жанжал шыққан. Іске Барда аудандық атқарушы билігі, Барда аудандық полиция бөлімі кірісті. Сол ауылға аудан басшылығы да, ауданның ақсақалдар кеңесінің төрағасы да барды.

Зорлық-зомбылыққа ұшырап, видеосы тарап кеткен оқушы қыздың отбасы балаларын жаттығуға барғанда ауылдастары бопсалап, қорқытқанын айтады. Олар сол 4 адамның ауылдан біржола кетуін талап етті. Бұл талапқа ауылдың басқа тұрғындары да қосылды.