"ҮЕҰ академиясы" әлеуметтік жобасы басталды.

"ҮЕҰ академиясы" әлеуметтік жобасы басталды.

2022 жылдың сәуір айынан бастап "ҮЕҰ академиясы" әлеуметтік жобасы басталды. Бұл жобаны "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамалар орталығы" ҚБ жүзеге асырады.

2022 жылғы 16 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге жәрдемдесудегі елеулі үлесін және елдегі азаматтық сектордың рөлін арттыру қажеттілігін атап өтті:

"Үкіметтік емес сектор маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оларды кешенді шешуге септігін тигізеді. Бүгінде Қазақстан алдында тұрған міндеттер мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимылын күшейтуді, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде қайта жандандыруды талап етеді. Реформаларды дайындау мен іске асыруға қоғамдық ұйымдарды, белсенділерді неғұрлым кеңінен және терең тарту қажет".

"ҮЕҰ академиясы" әлеуметтік жобасының мақсаты: нысаналы топтарды сүйемелдеу процесінде және қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін ҮЕҰ өкілдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы олардың қызметін кәсібилендіру.

Жобаны іске асыру мерзімі 3 жыл – 2022 жылғы наурыздан 2024 жылғы желтоқсанға дейін.

Мақсатты аудитория: Қазақстанның барлық өңірлерінің ҮЕҰ/КЕҰ өкілдері.

Оқыту түрі: онлайн / офлайн.

ҮЕҰ академиясы" құрылымы:

- ҮЕҰ ұйымдастыру-институционалдық даму факультеті;

- Жобалық менеджмент факультеті;

- Қаржылық менеджмент факультеті;

- Коммерциялық емес сектордағы менеджмент курсы;

- Азаматтық секторға арналған жаттықтырушылар курсы;

- "Өрелі ұрпақ" Онлайн-әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі.

Оқуға жазылу:

email: akademianpo@gmail.com

Біздің сайт: http://academy-ngo.kz/

https://www.facebook.com/academynpo

https://www.instagram.com/academy_npo/

https://yvision.kz/post/968229

Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 30/8 үй мекенжайы бойынша;

Байланыс нөмірлері: +7 (727) 398 95 25, +7 747 847 19 70;