ҰҚК өкілдері Нұрлан Мәсімовті қалай ұстағаны белгілі болды

ҰҚК өкілдері Нұрлан Мәсімовті қалай ұстағаны белгілі болды

ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовтың қалай ұсталғаны туралы мәліметтерді таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті кезінде ҚР және РФ азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталды.

Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша Полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов анықталды.

Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Н.Мәсімовты ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берді.

«Қажетті тексерулер мен сұрақ алу іс-шараларынан кейін құзыреті бойынша іздестірудің бастамашысы болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді»,-делінген хабарламада.