Қазақстанда соңғы тәулікте 800-ден астам адам коронавирус індетін жұқтырды

Қазақстанда соңғы тәулікте 800-ден астам адам коронавирус індетін жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 820 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 311 190-ға жетті.

«Соңғы тәулікте ауырғандардың ішінде

Нұр-Сұлтан қаласында - 180,

Алматы қаласында - 280,

Шымкент қаласында – 87,

Ақмола облысында – 8,

Ақтөбе облысында – 3,

Алматы облысында - 67,

Атырау облысында - 17,

Шығыс Қазақстан облысында - 12,

Жамбыл облысында - 35,

Батыс Қазақстан облысында - 7,

Қарағанды облысында - 56,

Қостанай облысында - 9,

Қызылорда облысында - 19,

Маңғыстау облысында - 10,

Павлодар облысында - 8,

Солтүстік Қазақстан облысында - 9,

Түркістан облысында 13 адам анықталды», - деп жазды комиссия.