Қарағанды облысында 5 адам бруцеллез жұқтырған

Қарағанды облысында 5 адам бруцеллез жұқтырған

Қарағанды облысында жыл басынан бері, 5 адам бруцеллез жұқтырған. Олар Теміртау, Шахтинск қалалары мен Абай ауданының тұрғындары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барлығы да дұрыс қайнатылмаған сүт пен одан жасалған тағамдардан індетті жұқтырып алғаны анықталды.

Жалпы облыс бойынша биыл Шет, Бұқар жырау, Осакаров, Абай аудандарында 400-ге жуық сиыр мен ұсақ малдың бруцеллезбен ауырғаны белгілі болды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ветеринарлар барлық ауру ошақтарында дезинфекциялау, індеттің таралуына жол бермеу шараларын жүргізді.

Мамандар қора-қопсыны уақтылы тазалауды, мал терісі мен жүнін шашпауды, ет пен сүт тағамдарын дұрыс қайнатып тұтынуды ұсынады.