Бейбіт митингке қатысушылар құқығын қорғайтын қоғамдық комиссия құрылады

Бейбіт митингке қатысушылар құқығын қорғайтын қоғамдық комиссия құрылады

Белгілі заңгер Абзал Құспан мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен кездесіп, мемлекет басшысының құқық қорғау органдарына адам құқықтарын сақтау туралы берген тапсырмасының орындалу жағдайын қоғам атынан тексеретін бақылау комиссиясы құрылатынын айтты, деп хабарлайды qazaquni.kz тілшісі. 

Абзал Құспан бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Қазір ғана мемлекеттік хатшымыз Ерлан Қариннің қабылдауынан шығып келемін. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары, оның ішінде бірінші кезекте полицияға адам құқықтарын сақтау туралы қатаң тапсырма берген. Алайда, жағымсыз хабарды таратушылар жағынан да, тіпті сол полицияның өзі тарапынан да жаңа тәртіпке мойынсұнғысы келмейтін арандатушылар бар сияқты. Дәл ондай арандатуға басқа-басқа қазіргі уақытта Ақорда мүдделі емес екені айдай анық қой, енді. Ендеше сол жағдайларды қоғам атынан тексеріп көруді бізге сеніп тапсырып отыр. Қазір мен комиссия құрудың заңдылығы, өкілеттігі сияқты мәселелерді талқылауға Бас Прокуратураға барамын, бастысы Ақорда қарсы емес", - деп жазды Абзал Құспан желіде.