Халық газ бағасына наразы болса, қоғамдық көлікпен жүре алады - Энергетика министрлігінің сарапшысы
2022 ж. 04 қаңтар
1026
0
Қазақстанның Энергетика министрлігі сарапшысы Олжас Байділдинов Қазақстанда сұйытылған газ көрші елдерге қарағанда арзанырақ екенін айтты.
- Егер халық бағаға наразы болса, олар әрқашан қоғамдық көлікті пайдалана алады, - деді ол.
Бұл туралы sputnik.kz хабарлады.
Олжас Байділдинов брифингте жанар-жағармай мен бензиннің қолжетімділік көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасы өте қолайлы деңгейде деп айтты.
Еске салайық, жексенбі, 2 қаңтар күні Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған газ бағасының күрт өсуіне байланысты шерулерге шыққан болатын. Олар облыста газ бағасы 120 теңгеге дейін көтерілгенін мәлімдеді. Олар ең төменгі жалақы мөлшеріне сәйкес бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.
Митингке президент Тоқаев та бірден назар аударып, тиісті тапсырмалар берді.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды.