«Отбасы банкінің» 80 мың клиенті 2021 жылы қоныс тойын тойлады
2021 ж. 31 желтоқсан
1502
0
Отбасы банк былтыр 51 926, биыл 80 689 отбасыға баспана бақытын сыйлады. Оның 33%-ы алғашқы, 67%-ы екінші нарықтан пәтер алуға рәсімделді.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша оператор ретінде enpf-otbasy.kz платформасын әзірледі. Сол арқылы 412 312 адам қаражатын бастапқы жарна, ипотека өтеу, емдеуге жұмсады. 16 желтоқсаннан бастап 21 мың азамат депозитке 35,6 млрд теңге аударды.
- БЗТ пайдалану ісі қашықтан, түсінікті етіп жасалды. Маркетплейс, онлайн-ипотека, Вlockchain технологиялары қосылды. Депозиттердің үштен бірі видеобанкинг, интернет банкингпен ашылды, - деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Baspana market - тұрғын үйді таңдап, онлайн өтінім беруге болатын жалғыз портал. Оған күн сайын кіретін 5000 адамның 53%-ы – 25-34 жаста.
Мүлік кепіл шартын тіркеуге арналған Blockchain процесті 1 күнде атқарады. Ол үшін otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетте кепіл шартқа ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
Биыл «Ұмай» әйелдер ипотекасы арқылы 968 әйел, «Әскери баспана» бойынша 2 878 әскери қызметші пәтер алды. «Elorda Zhastary» аясында 200 жас маман мен жетім балаларға 3,6 млрд теңге бөлінді.
Банк мемлекеттік бағдарламамен 19 891 қарыз берді. Бұл – әр төртінші несие. «Бақытты отбасы» бойынша 4 162, «Шаңырақ» арқылы 10 835, «Нұрлы жер» шеңберінде 4 894 пәтер тапсырылды.
Отандық ипотеканың 66%-ын құрап, NPL-дің ең төменгі деңгейін сақтады. Ұзақ мерзімді салымдар нарығында бірінші орынды алды. Мұндағы 2 186231 шоттың әр оныншысы балаларға ашылған. Биыл 587497 шотпен толықты. Депозиттік портфель сомасы - 1 443 млрд теңге.
Moody's Investors Service агенттігі банктің депозиттер рейтингін «Ваа3» деңгейінен «Ваа2», Fitch Ratings агенттігі эмитенттің ұлттық валютадағы дефолтының рейтингін «ВВВ-» деңгейінен «ВВВ» деңгейіне көтерді. Болжам –«Тұрақты».
Желтоқсанда 2023 жылға дейінгі Даму стратегиясы бекітілді. 2022 жылы жалға берілетін пәтер төлемінің бір бөлігін субсидиялау, моноқалалар тұрғындарына жеңілдетілген ипотека беру, мобильді қосымшада цифрлық ипотеканы алу, интеллектуалды роботты енгізу, IP-телефония қоңырауларын қабылдау басталады.
qazaquni.kz