Бейнеуде соңғы қоңырау жаппай төбелеспен аяқталды
2021 ж. 26 мамыр
1817
1
Маңғыстау облысында соңғы қоңыраудың соңы жаппай төбелеспен аяқталды. Бейнеу ауданындағы екі мектептің түлектері жанжалдасып жаға жыртысуға дейін барған.
Бас-көзге қарамай бір-бірін төмпештеген Ыбырай Алтынсарин мен Жұмағали Қалдығараев атындағы мектептің 11-сынып оқушылары. Бейнеу ауданындағы екі мектептің 40-қа жуық түлегі бір жерде кездесіп, өзара келіспей қалып, көшенің қақ ортасында төбелескен, - деп хабарлайды КТК.
Бұзақылық бабымен жеті оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Барлығы мектепаралық кикілжіңнең шыққан», - дейді полиция департаменті.
Балалардың ешқайсысы да шағыммен ауруханаға бармаған.
- Оқиға орнынан 7 адам ұсталып, мән-жайды анықтауға полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған факті 293 бабы, бұзақылық бойынша Бейнеу ауданының полиция бөлміне тіркелді. Полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалары үшін жауапкершілік түрін ескертеді. Мектеп оқушыларын қадағалауды шақырады, деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатуллаева.