Олимпиада чемпионы үйінің ауласында өлі табылды
2021 ж. 04 наурыз
1780
0
1980 жылы өткен Олимпиадада ат спорты бойынша чемпион атанған Александр Блинов Мәскеу облысында үйінің ауласында өлі табылды. Қайғылы оқиғаның жай-жапсары туралы «Московский комсомолец» жазды, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Блинов 9 ақпанда жоғалып кетті. Олимпиада чемпионы жоғалғаннан бері үш апта бойы іздестірілді. Іздеуге полиция қызметкерлері мен еріктілер қосылды. Алайда, нәтижеге қол жеткізілген жоқ.
2 наурызда әйгілі ардагер спортшының мәйіті өзі жұмыс істеген Андреевское ауылындағы ат қораның жанынан табылды.Денсаулығы күрт нашарлар, үйіге жете алмай, далада үсік шалып қайтыс болған, - делінген мәліметте.