Цой: Наурыз айының соңында коронавирус өршуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой наурыз айында елімізде коронавирус инфециясының өршуі мүмкін екенін айтты.

Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды.

– Осы жылғы наурыз айының соңында коронавирус өршуі мүмкін. Оптимистік сценарийге сәйкес, тәулігіне 3 мың жағдайға дейін тіркеледі деп күтілуде. 24 мыңға дейін төсек орны толуы мүмкін. Дегенмен, бұл сценарий бойынша қатаң карантин шараларын енгізу жоспарланбаған. Нақты және пессимистік сценарийлерге сай, күніне 6 мың мен 9 мыңға дейін жұқтыру деректері тіркелуі ықтимал. Шамамен 45 мың төсек орны толуы мүмкін. Бұл – денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін қатаң карантин шараларын енгізу қажеттігіне соқтырады, – деді Цой.