«Бомба қойылды». Елордада көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды

Елордада көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды. Ол жерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар түскен, - деп хабарлайды baq.kz.

16 қаңтар сағат 22:03-те елорданың тұрғын үй кешендерінің біріне бомба орнатылғаны туралы қоңырау түскені туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері 60 адамды эвакуациялады. Жарылғыш зат табылған жоқ, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті ұсталған. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүріп жатыр.